үй Қазақстан жаңалықтары ШҚТУ мен Ядролық физика институты күш біріктіреді

ШҚТУ мен Ядролық физика институты күш біріктіреді

7
0

258 rob

ШҚТУ мен Ядролық физика институты күш біріктіреді

Фотосурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» екі жақты ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды DKNews.kz.

ШҚТУ-ға сапары барысында Ядролық физика институтының қызметкерлері Smart engineering және VERITAS-тың озық зертханалары, құзыреттілік орталықтарымен танысып, болашақ ынтымақтастық перспективалары мен бірлескен даму бағыттарын талқылады.

ШҚТУ мен Ядролық физика институты күш біріктіреді

Басқарма Төрағасы — ШҚТУ ректоры Сәуле Рахметуллина атап өткендей, білім және ғылым саласындағы әріптестік қатынастардың қалыптасуы және ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, ең алдымен, ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға бағытталған. Білім беру сапасын қамтамасыз ету және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау саласындағы бұл ынтымақтастық қазіргі заманғы технологиялар мен оқыту құралдары негізінде білім беру процесінің тиімділігін арттырады.

«Қазақстанның мемлекеттік саясатындағы маңызды бағыттардың бірі – әлемдік сахнада «бейбіт атом» саласын дамытуға басымдық беру. Қазақстанда АЭС салу мәселесі жалпы халықтық референдумда қолдау тапса, оның жұмысы үшін ШҚТУ-мен бірлесе отырып оқу-практикалық қызмет барысында білікті мамандарды дайындауға болады» Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы Саябек Сахиев

ШҚТУ мен Ядролық физика институты күш біріктіреді

Болашақ жобалардың нұсқаларын бірлесіп талқылау барысында тараптар ШҚТУ мен Ядролық физика институтының қызметке деген көзқарастары көп жағынан ұқсас екенін атап өтті. Олардың қатарында: жобаларды (оның ішінде ғылыми жобаларды) жоғары коммерцияландыру, жас ғалымдарды қолдау, отандық қана емес, сонымен қатар халықаралық ұйымдармен байланыс, инновация саласындағы зерттеулер және тағы басқалары бар. Сондай-ақ, бүгінгі таңда ШҚТУ түлектері институтта қызмет атқарып жатқанын атап өткен жөн.

ШҚТУ мен Ядролық физика институты күш біріктіреді

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу институттарымен жұмыс жүйелі түрде жасалып жатыр. Университет ғылыми-зерттеу институттарымен және ғылыми ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Олар: Е.О.Патон атындағы электр дәнекерлеу институты (Украина), ВНИИЦветмет, Жолдасбеков атындағы механика және машина жасау институты, ақпараттық және есептеу технологиялары институты, National Laboratory Astana, Ионосфера институты, Академик Н. Д. Батпенов атындағы Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығы, Plasmascience, композициялық материалдар институты және ҚР Ұлттық ядролық орталығы. Бұдан басқа, университет базасында ғылыми-зерттеу институттарымен 4 бірлескен диссертациялық кеңес жұмыс істейді: ҚР Ұлттық ядролық орталығы (Курчатов), ВНИИЦветмет (Өскемен), «Техникалық физика», «Ақпараттық жүйелер», «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламалары бойынша ақпараттық және есептеу технологиялары институты (Алматы), «Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау».

Болашақта университет пен ғылыми-зерттеу институты арасындағы ынтымақтастық білікті кадрларды даярлауға, білім беру процесінің тиімділігіне және жаңа оқу жоспарлары мен оқу құралдарын, білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды әзірлеуге оң әсерін тигізбек.

Источник: dknews.kz