үй Қазақстан жаңалықтары Шекарада даулы учаскелер жоқ — Қазақстан Шекара қызметінің басшысы ...

Шекарада даулы учаскелер жоқ — Қазақстан Шекара қызметінің басшысы Кеше, 13:51

0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары — Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов шекарадағы даулы аймақтар мәселесіне қатысты

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Фото ©РИА Новости

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары — Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов шекарадағы даулы аймақтар мәселесіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазір мемлекеттік шекарада даулы учаскелер жоқ. ҚХР-мен шекара мәселесі толық жабылған, Қырғызстанмен жабық. Түрікменстан бойынша мәселе бар. Ратификация ғана қалды, яғни барлық мәселе шешілген. Өзбекстан мен Ресейге қатысты жүргізіліп жатыр», — деді Ерлан Алдажұманов Сенат кулуарында.

Шекара қызметінің басшысы Ресеймен Шығыс Қазақстан облысындағы шекара бойынша сұрақ шешіліп жатқанын нақтылады.

«Таулар басталған жерде шағын аумақ қалды. Мәселе мынада, демаркация жүріп жатқанда жұмыстың екі кезеңі бар — теориялық, мемлекеттік шекараға жазбаша түрде қол қойылған кезде, екінші кезең — практикалық, пункттер мемлекеттік шекара сызығы қай жерде өтетінін анықтайды. Климаттық, ауа райы жағдайлары мен жер бедерін ескере отырып, жұмыс кезең-кезеңімен жүріп жатыр. Былтыр Шемонаиха ауданында аяқталды. Семей учаскесі аяқталды, Шығыс Қазақстан облысында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Шамамен 50 пайыз қалды. Ұзындығы шамамен 300 шақырымды құрайды», — деп түйіндеді Шекара қызметінің директоры.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz

Exit mobile version