үй Қазақстан жаңалықтары «Шелек-Кеген-Нарынқол» магистралды газ құбырының құрылысы қашан басталады?

«Шелек-Кеген-Нарынқол» магистралды газ құбырының құрылысы қашан басталады?

18
0


                «Шелек-Кеген-Нарынқол» магистралды газ құбырының құрылысы қашан басталады?

Фото: ғаламтордан

Алматы облысында шалғай жатқан ауылдарды көгілдір отынға қосатын «Шелек-Кеген-Нарынқол» магистралды газ құбыры құрылысының құжаты дайындалып жатқаны айтылған болатын. 

«Шелек-Кеген-Нарынқол» магистралды газ құбырының құрылысы нақты қашан басталады және қай уақытта шалғайдағы ауыл тұрғындарының пайдалануына беріледі?  NEGE-нің тілшісі жолдаған сауалға ҚР Энергетика вице-министрі Хасенов Асхат Ғалымұлы жауап берді. 

Вице-министр қысқа жауап қайырды. Оның айтуынша, газ құбырының құрылысы 2024 жылдан басталуы мүмкін. Одан ерте басталуы екіталай екенін жеткізгендей болды. 

«Шелек-Кеген-Нарынқол» магистралды газ құбыры бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Оны Алматы облысының әкімдігі тапсырыс беруші ретінде әзірлеуде. 2022 жылы жобалық-сметалық құжат аяқталуы қажет. Сол құжат мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін бізідің министрлікке тиісті қаражат бөлу үшін арнайы ұсыну арқылы енгізілетін болады. Сол кезде ғана қарастырамыз. 2022 жылғы жобалық-сметалық құжат енді бекітілген жағдайда ол келер жылдан ерте басталмайды», – деді Асхат Хасенов. 

 

Источник: nege.kz