үй Қазақстан жаңалықтары Шенеуніктер дәріхана бизнесіне лицензия сатқан — Антикор ...

Шенеуніктер дәріхана бизнесіне лицензия сатқан — Антикор Кеше, 13:35

0

Алматы облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратураның үйлестіруімен шағын бизнес субъектілеріне фармацевтикалық бақылау саласындағы

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Фото:elements.envato.com

Алматы облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет прокуратураның үйлестіруімен шағын бизнес субъектілеріне фармацевтикалық бақылау саласындағы лауазымды тұлғалардың жемқорлық қызметін тоқтатты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осылайша, жүйелі түрде пара алуда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің басшысы мен бөлім басшысының міндетін атқарушы әшкереленген.

«Олардың заңсыз талабы бойынша шағын бизнес өкілдерінен фармацевтикалық қызметті (дәріхана бизнесін) жүзеге асыруға бас лицензиялар мен оларға қосымшалар бергені үшін жалпы сомасы 850 000 теңгеге пара алынғаны анықталды. Жемқорлықтың жолын кесу және анықтау, сондай-ақ бизнесті қорғау жұмыстары жүйелі түрде жалғасып жатыр», — делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz

Exit mobile version