үй Қазақстан жаңалықтары Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерді қолдады

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерді қолдады

0

332 rob

Фотосурет: АР

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүк тасымалымен айналысатын кәсіпкер хабарласып, Қытайдан Қазақстан арқылы Ресейге апаратын транзиттік жүкті, Қазақстанға кіргеннен кейін Көліктік бақылау комитеті Ресейге шығаруға рұқсатнама бермей, жүк көлігі бірнеше күн орта жолда  тұрып қалып, тығырыққа тірелгендігі туралы арызданған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Транзиттік жүкті жеткізу мерзімі ұзарған сайын, тауар иесі кәсіпкерден айыппұл талап ете бастаған.

Антикордың араласуынан кейін, Көліктік бақылау комитеті рұқсатнаманы бермеген автоматты жүйе екендігін уәжге келтіре отырып, кәсіпкердің арызын арнайы комиссиямен қарады және қажетті рұқсат берілді. 

Қазір жүк көлігі діттеген жеріне жетіп, әкімшілік кедергілер жойылды. Антикор осыған ұқсас жағдайлардың алдын алу шараларын жалғастырады.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version