үй Қазақстан жаңалықтары Шымкентте 20-дан астам адам бруцеллез жұқтырған

Шымкентте 20-дан астам адам бруцеллез жұқтырған

0

Фото: ғаламтордан

Шымкентте 20-дан астам адам бруцеллез жұқтырған, деп хабарлайды «Отырар».

Алматы, NEGE. «Шымкентте өткен жылы 21 адам бруцеллез жұқтырған. Аурудың өршуін санитарлық дәрігерлер жануарлар арасындағы қолайсыз эпизоотикалық жағдаймен байланыстырып отыр. Санитарлық дәрігерлер инфекцияның таралу ошақтарынан сүт пен сүт өнімдерінің 114 сынамасын алған.  Оның  9-ы бруцеллез ауруы бойынша оң нәтиже көрсеткен», – дейді басылым.

Шымкенттің санэпидбақылау департаментінің жетекшісі Әбдіманап Түлебаевтың айтуынша, ауруды қойдан, иттен және де басқа да жолдармен жұқтыру фактісі бар.

«Егер ауру бір жерден тараса біз оны айтар едік. Алайда аурудың таралу ошағы біреу ғана емес. Барлық науқастар әр жерден жұқтырған», — деді Түлебаев.

Источник: nege.kz

Exit mobile version