үй Қазақстан жаңалықтары Шымкентте ересектердің қарауынсыз қалған бала бассейнге батып кетті

Шымкентте ересектердің қарауынсыз қалған бала бассейнге батып кетті

0

273 rob

Фотосурет: pixabay.com

29 қаңтар күні сағат 17.25-те Шымкент қаласы ТЖД кезекші қызметінің пультіне 2018 жылы туған баланың балалар бассейніне батып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оқиға Тұран ауданының 8 шағын ауданында орналасқан фитнес-клубта болды.   

Құтқарушылар келгеннен кейін балалар бассейнінде шомылу кезінде (тереңдігі 1,2 м.ені 5 м.) бала ересектердің қарауынсыз қалып, суға батып кеткені анықталды. Оқиғаның мән-жайын уәкілетті органдар белгілейді, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Шымкент қаласының ТЖД бассейнде шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салады:

  • Балалар ересектердің бақылауында болуы керек. Егер сіз мықты жүзетін адам болсаңыз да, Сізге көмек қай уақытта қажет болатынын ешқашан болжай алмайсыз.
  • Бассейн әр адам қаупсіздік ережелерін сақтаған кезде ғана қауіпсіз болады.
  • Егер қандай да бір мәселе туындаса, ересектерге міндетті түрде хабарлаңыз. Ересектер сіздің жарақат алмағаныңызға және демалу кезінде толық қауіпсіз екендігіңізге көз жеткізуге міндетті.
  • Ешқашан бассейннің айналасында жүгірмеңіз. Сіз тайғанап, жарақат алуыңыз мүмкін, сонымен қатар айналаңыздағылар еріксіз жарақаттауыңыз мүмкін.

Әрқашан сақ болыңыз! Балаларды бассейн аумағында және ішінде сақтық шаларын ұстануға үйретіңіз!

Источник: dknews.kz

Exit mobile version