үй Қазақстан жаңалықтары Сирек кездесетін ауру: Шымкентте балаға сәтті ота жасалды

Сирек кездесетін ауру: Шымкентте балаға сәтті ота жасалды

7
0

186 rob

Сирек кездесетін ауру: Шымкентте балаға сәтті ота жасалды

Фотосурет: ҚР ДСМ

Шымкент қаласының балалар ауруханасының нейрохирург дәрігерлері Түркістан облысы Мақтарал ауданының 5 жасар тұрғынына «Мойя-мойя»ауруы бойынша операция жасады, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Осы жылдың қаңтар айында бала жолдама бойынша қалалық балалар клиникалық ауруханасының консультациялық-диагностикалық блогына нейрохирург дәрігермен кеңесу үшін келді. Анасының айтуынша, оның баласы бас ауруына, жиі бас айналуына, оң жаққол-аяғының әлсіздігіне шағымданған. Диагнозды растайтын қосымша МРТ зерттеуі жүргізілді. 

Қаламыздың тамырлық нейрохирургия бойынша жоғары білікті маманы Еркін Жұмағұлұлымен бірге балаға «Мойя-мойя» диагнозы қойылып, жоспарлы түрде жедел ем жүргізу ұсынылды. 

Сирек кездесетін ауру: Шымкентте балаға сәтті ота жасалды

Күрделі операция 4 сағаттан астам уақытқа созылды, нейрохирургиялық микроскоптың көмегімен «Мидың сыртқы – ішкі тамырларының анастомозы (сыртқы ұйқыартериясының маңдай тармағы мен М4 сол жақтағы ортаңғы ми артериясының арасындағы экстра-бассүйекішілік микроваскулярлық анастомоз.» туындаған.

Сирек кездесетін ауру: Шымкентте балаға сәтті ота жасалды

Нейрохирургтер құрамындағы мамандар тобы — Е. Медетов, Т.Абдуллаев, анестезиолог Б. Алменов операцияны сәтті жүргізді, енді кішкентай пациент шығаруғадайындалуда.  

«Мойя-мойя ауруы – сирек кездесетін ауру. Бұл мың баланың бірінде кездеседі. Аурудың дамуына байланысты мидың қан тамырлары бітеліп, инсультке әкелуі мүмкін. Пациенттіңөміріне қауіп төндіретін осындай аурумен мүгедек болу қаупі басым болады. Біз операция кезінде мұндай қауіптің алдын аламыз, мидың бітелген тамырларын хирургиялық жолмен емдейміз», — дейді бас дәрігердің хирургиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Ержан Ерманұлы.

Источник: dknews.kz