үй Қазақстан жаңалықтары Әскери бөлімде «Ашық есік» күні өтті

Әскери бөлімде «Ашық есік» күні өтті

0

342 rob

Аягөз гарнизонындағы10810 әскери бөлімінде қалалық қазақ-мектеп лицейінің мектеп оқушыларына арналған ашық есік күніөтті. Бұл шара Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әскери бөлімде ұйымдастырылғанаталмыш ашық есік күні аясында оқушыларға әскери бөлім мұражайы, кітапхана, әскери техникалар мұражайы, казармадағы үй-жайлар, ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмелері көрсетіліп, офицерлер мен сержанттар түрлі қару түрлерімен және ұрысты жүргізуге арналған құрылғылармен таныстыру сабақтарын өткізді. 

Сонымен қатар, әскери киім үлгілерімен және қару-жарақ түрлерімен жақынырақ танысып, қолдарымен ұстап көрді. Әскери бөлімнің офицер-тәрбиешілері әскери өмір мен тәртіп туралы, сондай-ақ әскери қызметтің, жауынгерлік және оқу-жауынгерлік тапсырмалардың өту тәртібі туралы айтып түсіндірді.

10810 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Бақыт Қашқынбаев болашақ Отан қорғаушыларға  арнаған сөзінде жас патриоттарға әрқашан алға қойған мақсаттарына қол жеткізуді, оқуда және спортта жеңіске жетуді, салауатты өмір салтын ұстануды, патриот және өз елінің беткеұстар азаматы болуды тіледі.

— Жас ұрпақ – біздің болашағымыз. Сондықтан олардың бойына патриоттық тәрбие сіңіру үшін мұндай ашық есік күндердің маңызы зор. Негізі қалалық білім беру ұйымдарының сұрауымен ашық есік күні жиі өткізіліп тұрады, — деді подполковник Бақыт Қашқынбаев.

Мұндай таныстыру шараларын өткізу өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рухты қалыптастыруға, адмгершілікке тәрбиелеуге зор ықпалын тигізеді. Мұғалімдер мен оқушылар әскери қызметшілерге қонақжайлықтары мен жылы қабылдаулары үшін алғыстарын айтып, тілектерін білдірді.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version