үй Қазақстан жаңалықтары Әскери есепке тіркеу науқаны өтуде

Әскери есепке тіркеу науқаны өтуде

0

262 Awrora

Аягөзде ағымдағы жылдың қаңтар айынан басталған болашақ Отан қорғаушыларды әскери есепке тұрғызу кезеңі қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мектеп және орта арнайы оқу орындарының оқушылары мен студенттері «Әскери есепке тіркелу» үшін Аягөз қаласы қорғаныс істерінің біріктірілген бөліміне медициналық тексеруден өтуге келуде. Алдымен бозбалалар әскери қызметке жарамдылығын растайтын медициналық тексерумен, қажетті құжаттар тапсырады. Есепке алу барысында анықталған медициналық бақылауды қажет ететін әскерге шақырушыларды емдеу-профилактикалық ұйымдарға тіркейді.

Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес әскери тіркеуге 17 жасқа толған немесе сол жылы толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтары қатарынан Аягөз қаласы бойынша жергілікті атқарушы органдары мен әскери басқару органдары бірлесіп 400-ге жуық азаматты әскери тіркеуге алу жұмыстарын жүргізуде.

«Жыл басынан бері 250-ге жуық жасөспірім әскери есепке қойылды. Әрбір адам біздің жергілікті әскери басқару органына жүгініп, толық ақпарат ала алады. Әскери есепке алғаш рет тұрған азаматтармен қосымша Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізіледі және келісімшарт бойынша әскери қызметтің артықшылықтары түсіндіріледі» Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы подполковник Нұржан Мурзаканов

Айта кетейік, есепке тіркеу іс-шараларынан кейін, жастарға әскери шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік беріледі. Бұл куәлік әскерге шақыру кезінде шақырылушының есепте тұрғанын растайтын құжат болып табылады. Бұл науқан наурыз айының соңына дейін жалғасады.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version