үй Қазақстан жаңалықтары Әскери госпитальда оқу-жаттығу өтті

Әскери госпитальда оқу-жаттығу өтті

19
0

343 rob

Әскери госпитальда оқу-жаттығу өтті

Аягөз қаласының әскери госпиталында  жауынгерлік даярлық жоспарға сәйкес «Аса қауіпті инфекциямен (короновирустық инфекция) ауыратын науқасты және инфекциялық науқастардың жаппай түсуін анықтаған кезде жеке құрамның іс-әрекеттері» тақырыбында арнайы тактикалық оқу-жаттығу өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әскери госпитальда оқу-жаттығу өтті

Әскери госпитальда оқу-жаттығу өтті

Жаттығудың алғашқы кезеңінде жеке құрам дабыл белгісімен көтеріліп, жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілді. Сондай-ақ тактикалық оқу-жаттығу барысында әскери медицина қызметкерлері  іс-қимыл алгоритмін, хабарлау схемасы мен бөлімшелер арасындағы  үйлесімділік пен өзара іс-қимылды пысықтады және нақты тәжірибелік дағдыларды жүзеге асырды.

Әскери госпитальда оқу-жаттығу өтті

Әскери госпитальда оқу-жаттығу өтті

Сонымен қатар,  тактикалық жаттығудың сценариі бойынша шартты түрде короновирус инфекциясын жұқтырған науқастар госпитальға жеткізілді. Ал, әскери дәрігерлер заманауи технологиялардың  мүмкіндіктері мен ықтимал инфекциялық аурулар тіркелген кездегі тактикалық  нақты шешімдерді көрсетті.

Әскери госпитальда оқу-жаттығу өтті

Айта кетейік,   бұл оқу-жаттығу  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас әскери-медицина басқармасынан арнайы келген медицина қызметінің  подполковнигі Анарбек Арызбаганбетовтың қатысуымен өтті.

Әскери госпитальда оқу-жаттығу өтті

Аталмыш оқу-жаттығудың негізгі мақсаты — біздің жеке құрамның   алған  теориялық білімдерін практикалық жүзінде көрсету, дұрыс шешім қабылдауды және шебер басқаруды үйрету болып табылады. Бүгінгі оқу-жаттығуда жеке құрамның жауынгерлік әзірлігі басшылық тарапынан «жақсы» деп бағаланды, — деді Аягөз қаласы әскери госпиталының командирі медицина қызметінің подполковнигі Ғалым Рахыжанов. 

Источник: dknews.kz