үй Қазақстан жаңалықтары Әскери инфрақұрылымды дамыту: Бас штаб бастығы әскери нысандарды аралады

Әскери инфрақұрылымды дамыту: Бас штаб бастығы әскери нысандарды аралады

3
0

256 rob

Әскери инфрақұрылымды дамыту: Бас штаб бастығы әскери нысандарды аралады

Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов бірқатар кездесулер өткізіп, өңірдегі әскери нысандарды аралады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровпен болған кездесуде әскери, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және әскери қызметшілер үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту мәселелері талқыланды.

Әскери инфрақұрылымды дамыту: Бас штаб бастығы әскери нысандарды аралады

Бас штаб бастығы Ақтөбе облысының аумақтық қорғаныс құрамасының орналасуы жоспарланған әскери инфрақұрылым мен аумақты тексеріп шықты.

Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында ол оқу орнының күнделікті өмірімен танысып, оқу-жаттығу кешенінде, санитарлық-гигиеналық бөлімде және мұражайда болды. Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдері мен мекемелерінің командалық құрамымен өткен кездесуде генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов жауынгерлік дайындықтың негізгі міндеттері мен 2024 оқу жылының іс-шаралары туралы хабардар етті. Сондай-ақ әскерге шақыру науқаны және әскерге шақырылғанға дейінгі жастарға кәсіптік бағдар беру мәселелері қозғалды.

Әскери инфрақұрылымды дамыту: Бас штаб бастығы әскери нысандарды аралады

Бас штаб бастығы болған объектілердің бәрінде әскерлердің жауынгерлік дайындығын жетілдіру, олардың ұтқырлығын, әскери басқару органдарының үйлесімділігін арттыру және әскери бөлімдердің инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Источник: dknews.kz