235 rob
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Семей қаласында болған өртте жеке құрам сауатты, ұтқыр әрі ұйымшыл әрекет етті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бұл жауынгерлік оқу процесінде штаттық өрт сөндіру командаларының тұрақты түрде жасайтын жаттығуларының нәтижесі болуы керек.
Өздеріңіз білетіндей, Семейде екі қабатты «Ақшын» сауда үйінің ғимараты өртенді. Бастапқыда бірінші қабаттағы сауда бутиктері қызыл жалынға оранды. Артынша өрт тауарларға, екінші қабатқа және шатырға таралды. Жоғары температура және тез тұтанғыш материалдардың жануы өртті сөндіруді одан сайын қиындата түсті.
Осындай сәтте өрт сөндіру қызметтеріне жәрдемдесу үшін оқиға орнына 9 адамнан құралған жеке құрам және «Камаз-43118» екі автокөлігі жіберілді.
– Өртті сөндіруге Абай гарнизонындағы 36803 және 31767 әскери бөлімдерінің штаттық командалары атсалысты. Жеке құрам ұдайы сумен қамтамасыз ете отырып, өртті сөндіруге жәрдем етті. Одан өзге біз өрт сөндіретін құбыртүтік желілерін тараттық, – деп түсіндірді «Шығыс» ӨңҚ өрттен қорғау қызметінің бастығы подполковник Владимир Козлов.
Бес рейс жасаған әскери қызметшілер өрт сөндіру орнына 40 тонна су жеткізді.
Источник: dknews.kz