үй Қазақстан жаңалықтары Әскери-тарихи мұражай көрмесі: Кеңес Одағының Батыры басты назарда

Әскери-тарихи мұражай көрмесі: Кеңес Одағының Батыры басты назарда

9
0

267 rob

Әскери-тарихи мұражай көрмесі: Кеңес Одағының Батыры басты назарда

Фотосурет: ҚР ҚМ

Отбасы тарихы – ел тарихы! Қазақстан Республикасы Қарулы күштері мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының филиалында ашылған Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Васильевич Панфилов пен оның отбасы мүшелеріне арналған көрме осылай аталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов, Алматы өңірлік гарнизонының қолбасшылығы, әскери жоғары оқу орындарының курсанттары және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты.

Әскери-тарихи мұражай көрмесі: Кеңес Одағының Батыры басты назарда

Іс-шара 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы Даңқ мемориалындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдан басталды. Салтанатты митингте Ұлы Отан соғысының, жергілікті ұрыс қимылдары мен Қарулы күштердің ардагерлері сөз сөйледі.

Әскери-тарихи мұражай көрмесі: Кеңес Одағының Батыры басты назарда

Экспозицияны генерал Панфиловтың немересі, белгілі композитор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері Бақытжан Байқадамовтың қызы ұйымдастырып отыр.

Әскери-тарихи мұражай көрмесі: Кеңес Одағының Батыры басты назарда

«Отбасы тарихы – ел тарихы» көрмесіне Панфиловтер, Қаралдиндер, Байқадамовтар отбасы мүшелеріне қатысты бірегей фотосуреттер, мұрағаттық құжаттар мен олардың тұтынған жеке заттары қойылған. Экспонаттар патшалық Ресей, революция, азаматтық, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар, сондай-ақ жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңін қамтиды.

Әскери-тарихи мұражай көрмесі: Кеңес Одағының Батыры басты назарда

Көрмені ұйымдастыруға Кеңес Одағының Батыры, 316-шы атқыштар дивизиясының командирі генерал-майор Иван Васильевич Панфиловтың 130 жылдығы, оның жұбайы Мария Ивановна Панфилованың 120 жылдығы және қызы Валентина Ивановна Панфилованың 100 жылдығы себеп болды.

Әскери-тарихи мұражай көрмесі: Кеңес Одағының Батыры басты назарда

Панфилов-Байқадамовтар отбасы өмірінің көп бөлігі Алматы қаласымен тығыз байланысты. Дәл осы жерде Мәскеуді қорғауда өшпес ерлік көрсеткен 316-шы атқыштар дивизиясы құрылды.

Әскери-тарихи мұражай көрмесі: Кеңес Одағының Батыры басты назарда

Бақытжан Байқадамовтың тамаша шығармалары осында жазылды. Ал бүгінде ҚР Қарулы күштері мемлекеттік әскери-тарихи мұражайы филиалының директоры Алуа Байқадамова жас ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесін дамытуға баға жетпес үлес қосып келеді.

Іс-шара аясында ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы филиалының әртістері Бақытжан Байқадамовтың музыкасына қойылған туындыларды орындады.

Источник: dknews.kz