үй Қазақстан жаңалықтары Әскери қызметшілердің отбасымен жұмысты ұйымдастыру – басты назарда

Әскери қызметшілердің отбасымен жұмысты ұйымдастыру – басты назарда

23
0

190 rob

Әскери қызметшілердің отбасымен жұмысты ұйымдастыру –   басты назарда

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ақмарал Ахметжанова Аягөз гарнизонында оқу-әдістемелік сабақтары мен тренингтер өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Отан – отбасынан басталады» тақырыбында өткен сабаққа Аягөз гарнизонындағы әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің жауапты мамандары қатысты.

Әскери қызметшілердің отбасымен жұмысты ұйымдастыру –   басты назарда

Аталмыш шара барысында қатысушыларға әр түрлі психологиялық тренингтер өткізіліп, отбасы мүшелерімен сөйлесу этикасы, проблемалық сұрақтарды шешу, ауызбіршілікке шақыру сияқты ең басты талаптар жеткізілді.

Әскери қызметшілердің отбасымен жұмысты ұйымдастыру –   басты назарда

– Біздің қызметтің тапсырмасы – әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау, олармен кездесу жұмыстарын өткізіп, Отан қорғаушылардың жанұясына қолайлы жағдай жасау және қажетті жағдайда көмек көрсету, – деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы Ақмарал Ахметжанова.

Айта кетейік, аталған қызметтің басты міндеті – әскери қызметшілер отбасыларының рухани-адамгершілік пен мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін зерделеп, қолдау көрсету болып табылады. Бүгінгі күні олар әскери қызметшілердің тұрмыстық жағдайы мен психологиялық ахуалына көңіл бөліп, бөлімдегі әскери тәртіпті нығайтуға, спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысып келеді.

Сонымен қатар, гарнизондағы көп балалы, жағдайы төмен отбасылар мен мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету, балаларды спорттық секциялар мен көркемөнерпаздар үйірмелеріне қатыстыру, қызметтік тұрғын үй алуға және оларды кеңейтуге көмек көрсету сынды жұмыстарды белсенді түрде атқаруда.

Источник: dknews.kz