үй Қазақстан жаңалықтары «Студенттер сарайы» — Түркістан қаласындағы ЮНЕСКО клубы «Кітап сыйла» акциясын өткізді

«Студенттер сарайы» — Түркістан қаласындағы ЮНЕСКО клубы «Кітап сыйла» акциясын өткізді

31
0

622 rob

«Студенттер сарайы» - Түркістан қаласындағы ЮНЕСКО клубы «Кітап сыйла» акциясын өткізді

Түркістандағы «Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубында Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Кітап сыйла» акциясы өткізілді. Мерекелік акцияның бір ғана шарты – «Оқушылар сарайына» қадам басқан әрбір адам өзімен бірге кемінде бір кітап алып баруы тиіс, деп хабарлайды DKNews.kz.

–Жас жеткіншектермен тығыз жұмыс істейтін біздің мекеме үшін бұл мерекенің де, мерекелік акцияның да маңызы зор. Себебі, барша адамзатты білім нәрімен сусындатып, әлемді танытатын дәл осы кітап екені даусыз. Жұмыс күні басталғаннан бір-бір кітап құшақтап, іс-шараға атсалысушылардың қатары қалың болуда. Ересектердің ғана емес, бүлдіршіндердің де кітапқұмарлығын көріп, көңіл күйіміз көтеріліп жатыр. Қазақ жастарының білімге деген құштарлығын арттыруға осындай іс-шаралардың септігі тиеді деп ойлаймын, – деді мекеме директоры Индира Икапова.

Таңғы сағат 9:30-дан кешкі сағат 18:30-ға дейін жалғасатын науқанға үйірме оқушылары, мекеме қызметкерлері, ата-аналар мен қаладағы кітапхана қызметкерлері қатысып, бір-біріне әдеби, танымдық бағыттағы кітаптарды тарту етіп жатыр. Сонымен қатар, «Оқушылар сарайындағы» арнайы сөрелердің қоры да біршама кітаппен толықты.

Источник: dknews.kz