180 Awrora
Фотосурет: Gov
ТЖМ-де Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың, Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер, Өртке қарсы қызмет, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеттерінің, ТЖМ ведомстволық бағынысты және құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының қатысуымен «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кезекті кездесу өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Іс-шара ТЖ министрінің кіріспе сөзінен басталды, онда ол халық пен өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы бөлімшелердің жеке құрамымен кездесулер өткізген ТЖМ ақпараттық-насихаттау тобының жұмысы туралы хабардар етті. Сондай-ақ, министр жеке құрамның шұғыл шешуді талап ететін оларды қызықтыратын және проблемалық мәселелерімен WhatsApp-тағы оның тікелей нөміріне жүгіне алатынын атап өтті.
Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығының төрағасы Руслан Асылбеков 5 өңірдің өрт сөндіру бөлімдері мен жатақханаларын аралауының қорытындысы бойынша презентация жасады. Ол азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін зерттеу және анықтау нәтижелерін айтып, оларды барынша азайту жөнінде ұсыныстар берді. Өрт сөндіруші-құтқарушылардың жұмыс және тұрмыстық жағдайларын жақсарту, оларды әлеуметтік қамтамасыз ету, өрт сөндірушінің жауынгерлік киім-кешегін жаңарту мерзімдерін азайту және т. б. мәселелер талқыланды.
Қоғамдық бірлестіктің өкілдері еңбек жағдайын жақсарту және азаматтық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне нөлдік төзімділікті дамыту жөнінде ұсыныстар берді.
Сырым Шәріпханов тығыз ынтымақтастық пен бірлескен жұмыс сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және алдын алуға ғана емес, бүкіл ведомство жұмысының нәтижелілігін арттыруға көмектесетінін атап өтті.
Источник: dknews.kz