үй Қазақстан жаңалықтары Құтқарушылар Жамбыл және Алматы облысындағы 5 елді мекенді су басу қаупінің алдын...

Құтқарушылар Жамбыл және Алматы облысындағы 5 елді мекенді су басу қаупінің алдын алды

0

Фото: ғаламтордан

 Кеше түнде құтқарушылар Жамбыл мен Алматы облыстарындағы 5 елді мекенді су басу қаупінің алдын алды.

Алматы, NEGE. Төтенше жағдай министрлігінің аймақтардағы бөлімшелері мен жергілікті әкімдіктер түні бойы су сору жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұған 200 адам мен 45 техника жұмылдырылып, 16 мыңнан астам текше метр су сорылды. Қазір мамандар суды бұру мақсатында жолдарды аршып, арықтарды тазалап жатыр. Соңғы тәулікте бұл өңірлердегі ауа температурасы түнде -3, -2 градусты көрсеткен. Кей аудандарда сынап бағанасы күндіз +2, +3 градусқа жетеді. Күрт еріген қар суы бірнеше ауылдың аумағына кірген. 

Источник: nege.kz

Exit mobile version