үй Қазақстан жаңалықтары Түркияда Әділ Қадырбековтің өлі денесі үйінді астынан табылды

Түркияда Әділ Қадырбековтің өлі денесі үйінді астынан табылды

25
0


                Түркияда Әділ Қадырбековтің өлі денесі үйінді астынан табылды

Фото: ғаламтордан

Үйінді астынан денесі табылған Қазақстан азаматының Әділ Қадырбеков екені анықталды.

Алматы, NEGE. Мәйіт туыстарына көрсетіліп, олар оны таныған.

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров бұл мәліметті растап, толыққанды ақпарат ұсынды.

«8 ақпанда кешке қарай Хатай провинциясының Антакия қаласында құтқару және іздеу жұмыстары кезінде Түркия азаматы тірідей табылды. Бастапқыда ол Құбылай Кескин делінді, алайда туыстары кейін бұл ақпаратты жоққа шығарды. Бүгін 9 ақпанда таңертең іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде екі адамның мәйіті табылды, оның бірі түрік азаматы Құбылай Кескин, ал екіншісі ҚР азаматы Әділ Қадырбеков болып шықты. СІМ марқұм отандасымыздың денесін елге жеткізуге барынша жәрдемдесетін болады», деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

ҚР СІМ ресми өкілінің айтуынша, Қазақстан құтқарушылары түрік әріптестерімен бірге Мирболат Құрмашевты да іздеуді жалғастыруда.

Источник: nege.kz