үй Қазақстан жаңалықтары Түркияда жер сілкінісінен кейін тағы бір қазақстандық іздестіріліп жатыр ...

Түркияда жер сілкінісінен кейін тағы бір қазақстандық іздестіріліп жатыр Кеше, 17:15

0

Түркияда жер сілкінісінен кейін тағы бір қазақстандық іздестіріліп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Фото: gov.tr

Түркияда жер сілкінісінен кейін тағы бір қазақстандық іздестіріліп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстанның тағы бір азаматы әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кетті деп есептеліп отыр. Ол 6 ақпанынан бері байланысқа шықпады, тұратын жері — Кахраманмараш қаласы. Әпкесі министрліктің «жедел желісіне» хабарласқаннан кейін оның іздеу жұмыстарын бастадық», — делінген ведомство хабарламасында.

Қазірг Қазақстан елшілігінің қызметкері осы қалаға барып, түрік құтқарушыларымен бірлесіп оны іздестіріп жатыр. Көршілердің айтуынша, үй қираған кезінде ол ішінде болған.

Еске салайық, 8 ақпанда Түркияның Қазақстандағы елшісі төрт қазақстандық із-түзсіз жоғалғанын хабарлады. Сол күні үйінді астынан қазақстандық Сабина Мамадьярова құтқарылды.

Бейсенбі күні қазақстандық құтқарушылар Антакьяда толығымен қираған алты қабатты ғимараттың үйіндісін тазарту кезінде Қазақстан азаматы Әділ Қадырбековтің денесін тапты. Кейінірек екінші қазақстандық Мирболат Құрмашевтың денесі табылды.

Түркияда жоғалып кеткен қазақстандық қыз табылды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz

Exit mobile version