үй Қазақстан жаңалықтары Түркістанда жоғалып кеткен екі оқушы қыз үш күн бойы іздестірілді ...

Түркістанда жоғалып кеткен екі оқушы қыз үш күн бойы іздестірілді Кеше, 12:36

0

Түркістан облысының полицейлері жоғалған екі жасөспірім қызды іздеп тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме

  • АВТОР
  • Дина Шарипханова Корреспондент
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • TengriNews жаңалықтарына жазылу:
  • Google News
  • Яндекс Новости
  • Email рассылка
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Қате таптыңыз ба?


Фото:polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері жоғалған екі жасөспірім қызды іздеп тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан қалалық полиция басқармасына екі әйел хабарласып, көмек сұраған. Көрші тұратын жалғызбасты екі ананың айтуынша, біреуінің 10-сынып, екіншісінің 9-сынып оқитын қыздары 29 қаңтарда үйлерінен шығып кетіп, содан қайта оралмаған.

«Жоғалған жасөспірім қыздарды тез арада табу мақсатында Түркістан қаласының тәжірибелі полицейлері іздестіру жұмыстарын жүргізді. Із-түзсіз кеткен екі кәмелет жасына толмаған қыздардың суреттері жолаушы тасымалдаушыларға көрсетіліп, Түркістан қаласында орналасқан ойын-сауық орындары, қонақүйлер тексерілді. Сондай-ақ, Түркістан облысы ПД-ға қарасты барлық қала, аудандық полиция басқарма, бөлімдерімен, басқа да облыстық полиция департаменттерінің криминалдық полиция басқармаларына бағытнамалар жолданды», — делінген хабарламада.

Түркістандық тәртіп сақшыларының 3 тәулік бойы үзіліссіз жүргізген іздестіру шаралары оң нәтиже беріп, жасөспірім қыздар табылған. Олар облыс орталығындағы 1-мөлтекаудандағы жалдамалы пәтерден табылған.

Осылайша, дін-аман табылған оқушы қыздар, отбасына қайтарылған. Екі жасөспірім өздері тұру үшін пәтер жалдаған, содан 3 күн бойы сонда түнегені белгілі болды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қыздардың аналарына профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Источник: kaz.tengrinews.kz

Exit mobile version