үй Қазақстан жаңалықтары «Тальго» жолаушылар пойыздарына профилактикалық және бақылау тексерулері күшейтіледі

«Тальго» жолаушылар пойыздарына профилактикалық және бақылау тексерулері күшейтіледі

18
0


                «Тальго» жолаушылар пойыздарына профилактикалық және бақылау тексерулері күшейтіледі

Фото: ғаламтордан

Наурыз айынан жолаушылар пойыздарына тексеру жұмыстарын жүргізу жылжымалы құрам жасақталатын пункттерден басталады, деп хабарлады ҚР ИИДМ. 

Алматы, NEGE. Кейінгі 3 жылда жолаушылар тасымалдайтын Patentes Talgo S.L. жүрдек пойыздарында техникалық вагондардың өртенуіне қатысты 3 жағдай тіркелді.

Келеңсіз оқиғалардың орын алуына жылжымалы құрам иелерінің өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп .

2022 жылы ҚР ИИДМ Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелері өрт қауіпсіздігінің талаптарына байланысты 100-ден артық бұзушылықты анықтап, 2 млн теңгеден аса қаражатқа әкімшілік айыппұл салған . Биыл наурыздан бастап жолаушылар пойыздарына тексеру жұмыстарын жүргізу жылжымалы құрам жасақталатын пункттерде жүзеге асырылып, бұл ақауы бар вагондардың рейске шығуын алдын алады. 

Источник: nege.kz