үй Қазақстан жаңалықтары Таразда «Сергек» жүйесі іске қосылды

Таразда «Сергек» жүйесі іске қосылды

9
0


                Таразда «Сергек» жүйесі іске қосылды

Фото: ғаламтордан

16 қаңтардан бастап облыс орталығында 48 аппараттық-бағдарламалық кешен (35 – желілік учаскеде және 13 – қиылыстарда) қаланың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, деп хабарлады Полиция.

Алматы, NEGE. Жүйе жылдамдық режимінен асып кету, бағдаршамның тыйым салу сигналына өту, жол белгілерiн сақтамау секілді жол ережелерінің бұзылуын тіркейді. Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеу автоматтық режимде жүргізіледі және полиция қызметкері тексергеннен кейін құқық бұзушыға жіберіледі.

Барлық ереже бұзу жағдайлары ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімінде автоматты түрде тіркеледі.

Источник: nege.kz