үй Қазақстан жаңалықтары Тауарларды міндетті түрде таңбалау: ол ҚҚС пен кедендік баждың түсуін қалай өзгертті

Тауарларды міндетті түрде таңбалау: ол ҚҚС пен кедендік баждың түсуін қалай өзгертті

16
0

229 rob

Тауарларды міндетті түрде таңбалау: ол ҚҚС пен кедендік баждың түсуін қалай өзгертті

Фотосурет: Үкіметінің Баспасөз қызметі

Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин тауарларды міндетті таңбалау қорытындылары мен пилоттық жобаларды іске асыру барысы жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша 2019 жылы темекі өнімдерін міндетті таңбалау енгізілгеннен кейін темекінің барлық түрі бойынша акциз түсімі 46,8%-ға, 191,5 млрд теңгеден 2023 жылы 281,1 млрд теңгеге дейін өсіп отыр.

Тауарларды таңбалап, қадағалайтын ақпарат жүйесіне бүгінде темекі өнімдері бойынша 43 284 қатысушы тіркеліп, 4,1 млрд таңбалау коды енгізілді. 2022-2023 жылдары 12 млрд теңгеден астам сомаға заңсыз темекі өнімі анықталды.

Аяқ киім өнімдері бойынша ақпарат жүйесіне 3 745 қатысушы тіркеліп, 90,5 млн код енгізілді. Бұл ретте импорттық аяқ киімнен түсетін ҚҚС және кеден бажы 2021 жылы 7,8 млрд теңгені, 2022 жылы 26,4 млрд теңгені (3 еседен астам немесе 338%-ға өсті), 2023 жылы 30,7 млрд теңгені құрады (2022 жылға қарай өсім – 16%).

Источник: dknews.kz