Алматы облысында астықты терең өңдейтін зауыт салынады, деп хабарлайды LS ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Жоба «Қазбек бек» индустриялық аймағының аумағында жүзеге асырылады деп күтілуде. Ақпаратқа сәйкес, өңірде қуаттылығы жылына 300 мың тонна бидайды терең өңдеу бойынша өндірістік желі салу жоспарланған.
«Инвестор – қытайлық CITIC Construction компаниясы. Құны шамамен $1,07 млрд», — делінген хабарламада.
Зауыт мальтоза шәрбаты, фруктоза шәрбаты, кристалды фруктоза, аллюлоза, кристалды декстроза, натрий глюконаты, глютенді қосалқы өнімдер мен жем сияқты өнімдерді шығарады. Жобаны іске қосу есебінен 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта қажетті инфрақұрылымды жаңа өндіріске уақтылы жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.
Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстан Өзбекстанмен бірлесіп астық өңдеу кластерін құрғысы келетінін жазған болатын.
Источник: lsm.kz