үй Қазақстан жаңалықтары Қызылорда облысында белгісіз заттан уланған екі адам қайтыс болды

Қызылорда облысында белгісіз заттан уланған екі адам қайтыс болды

11
0


                Қызылорда облысында белгісіз заттан уланған екі адам қайтыс болды

Фото: ғаламтордан

 Қызылорда облысында «Казспекторстрой» ЖШС-нің екі қызметкері белгісіз заттан улану салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы, NEGE. Оқиға 3 ақпанда Қызылорда облысында «Саутс-ойл» ЖШС-нің қосалқы мердігері «Казспекторстрой» ЖШС-де болды.

«Серіктестікте еңбек ететін екі қызметкер алдын ала мәліметтерге сәйкес «белгісіз заттан улану салдарынан туындаған жүрек жетіспеушілігі» салдарынан қайтыс болды деген диагноз қойылды. Қаза болу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінінің 304-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Онда санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу жағдайы көрсетілген. Бұл бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, тиісті сапартамалар тағайындалған. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Источник: nege.kz