үй Қазақстан жаңалықтары Қызылордада түнгі клубтардың бірінде бұзақылық жасаған күдікті ұсталды

Қызылордада түнгі клубтардың бірінде бұзақылық жасаған күдікті ұсталды

16
0


                Қызылордада түнгі клубтардың бірінде бұзақылық жасаған күдікті ұсталды

Фото: Polisia.kz

7 ақпан күні сағат 01:31 шамасында Қызылорда қаласы полиция басқармасына қала аумағындағы түнгі клубтардың бірінде төбелес орын алғаны жайлы хабарлама түскен, деп хабарлады Полиция. 

Алматы, NEGE. Белгілі болғандай, сырттан келген азамат жәбірленушімен сөзге келіп, кейін жанжал төбелеске ұласқан. Күдікті атыс қаруын пайдаланып, жәбірленушіге дене жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Оқиға орнынан айғақ заттар алынды. Қалалық ауруханада жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда жағдайы тұрақты. Жедел – іздестіру іс-шараларының нәтижесінде істі болған 23 жастағы азамат ұсталып, басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен «Бұзақылық» сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.

Источник: nege.kz