үй Қазақстан жаңалықтары Өз елінің болашақ патриоттары

Өз елінің болашақ патриоттары

0

326 rob

Жоғары білікті әскери мамандарды даярлау саласында Ұлттық ұлан Академиясы ерекше көзге түседі, өйткені оқу орны офицерлік кадрлерді тек құқықтық тәртіп әскерлері үшін ғана емес, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін даярлайды.

Әскери оқу орнында оқыған кез-келген адам оның қабырғасында өмір басқа екенін, олардың заңдарымен және әскери жарғыда белгіленген тәртіп бойынша жүретінін біледі.

Таяуда біз Ұлттық ұлан Академиясының IV курс курсанттары Ернар Бидірахымов және Арнұр Аманжоловпен әңгімелескен болатынбыз.

– Ернар, курсанттардың күнделікті өмірлері қалай өтеді?

– Академияда оқу күні өте қатал жоспарланған, демалуға уақыт жоқ: таңғы сағат 6-да ұйқыдан тұрамыз, физикалық жаттығулар, тексеріс, содан кейін жеке құрам таңғы асқа барады.

Сағат 09.00-ден 13.30-ға дейін оқу сабақтары өткізіледі. Сабақ аяқталғаннан кейін жеке құрам түскі асқа барады. Өздеріңіз білетіндей, жақсы сарбаз — жақсы тамақтанған сарбаз. Осыны түсіне отырып, Академия басшылығы курсанттардың тамақтануына ерекше назар аударады.

Түстен кейін курсанттар дербес дайындықта болады, онда оқу сабақтары барысында алған теориялық білімдерін бекітеді.

– ЖОО-ны аяқтағаннан кейін болашақ қызметерің қалай өтеді?

– Қазір, оқу барысында теориялық білімді бекіту және практикалық дағдыларды алу мақсатында бізді Петропавлдағы 6637 әскери бөліміне оқу практикасына жібереді, онда біз қарауылдар бастықтары мен олардың көмекшілерінің міндеттерін орындаймыз, аптасына екі рет Ішкі істер органдарымен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқарамыз. Яғни, біз қазірдің өзінде Ұлттық ұланға жүктелген міндеттерді орындауға дайындалып жатырмыз.

Мен өзім «Ұлттық ұланды автомобильдік қамтамасыз етуге тактикалық басшылық» мамандығы бойынша оқимын. Оқу орнын аяқтағанда бізге «лейтенант» әскери атағы беріледі және одан әрі қызмет атқару үшін Ұлттық ұланның әскери бөлімдеріне жіберілеміз.

Жалпы айтқанда, біздің болашақ қызметіміз бағынысты жеке құрамды тәрбиелеу және оқыту, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау, түзеу мекемелері мен маңызды мемлекеттік объектілерді күзету болып табылады.

– Арнұр, Ұлттық ұлан Академиясының қабырғасында білім алу қандай мүмкіндіктер береді?

– Оқу орнымыздың қабырғасында білім алу кезінде алатын адамгершілік қасиеттер, ақыл-ой және физикалық қабілеттер бізге өз ісімізде құнды маман болуға және қоғамда лайықты орын алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте бізге ЖОО-да жиналған үздік педагогтар, командирлер, мамандар көмектеседі.

Жоғары әскери білім алу үшін Ұлттық ұлан Академиясын таңдай отырып, жастар өзін-өзі танудың кең мүмкіндіктерін, лайықты өмір сүру деңгейін, жоғары әлеуметтік мәртебені таңдайды.

Академияның басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы курсанттарға сапалы білім алу, командирлік дағдыларды игеру, нағыз әскери кәсіпқой, елдің бәсекеге қабілетті азаматы және жоғары дамыған тұлға болу үшін қажетті жағдайлар жасау үшін бар күшін салады.

Сенің ойыңша офицер қандай болуы керек?

Барлық уақытта офицерлер корпусы әрқашан жас ұрпаққа үлгі болатын қоғамның элитасы болды. Әскери іс көбінесе басқа азаматтық мамандықтың «жолағынан» асып түсетін деңгейді білуді талап етеді.

Біріншіден, әскери оқу орнына келген курсант таңдалған мамандықтың дұрыстығына саналы сезіммен және сенімділікпен келуі керек. Өйткені, ол бұл жолмен бір жыл жүрмейді, бүкіл саналы өмірін әскери іске арнайды. Екіншіден, офицер өз елінің
патриоты, тәртіпті және еңбекқор болуы керек.

– Сұхбатыңыз үшін рахмет!

Әңгімелескен аға лейтенант Олжас ӘДІЛБЕК,

Петропавл қаласы

Источник: dknews.kz

Exit mobile version