үй Қазақстан жаңалықтары Өз көлігін тапсырыспен өртеткен: Тараздық белсенді жалған жала жабу күдігімен ұсталды

Өз көлігін тапсырыспен өртеткен: Тараздық белсенді жалған жала жабу күдігімен ұсталды

17
0


                Өз көлігін тапсырыспен өртеткен: Тараздық белсенді жалған жала жабу күдігімен ұсталды

Фото: ғаламтордан

2022 жылғы 25 қазанда полицияға азамат  Қанатов Н. белгісіз адамның үйінің жанында тұрған автокөлігін өртемек болғаны туралы хабарлаған. Өртеу фактісі расталды. Автокөліктің сыртқы бөлігі жартылай зақымданған, деп хабарлады Полиция.

Алматы, NEGE. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 202-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе өрт қою арқылы бүлдiру).

Қанатов өз жауаптарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде оның автокөлігін өртеуді мемлекеттік қызметші-лауазымды адам ұйымдастырды деп күдіктеніп, болған оқиғаны өзінің қоғамдық қызметімен байланыстырған. Бұдан бөлек, өртеу дерегі жасалғанға дейін Н. Қанатов әлеуметтік желілерде оған қатысты лауазымды адамдар тарапынан «қастандықтар» жоспарланып отырғаны туралы хабарламалар жариялаған болатын.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде оның автокөлігін өртеген адам ұсталды. Автокөлікті өртеу Қанатовтың тапсырысымен жасалғаны анықталды. Оның мақсаты тергеу барысында анықталатын болады.

Қанатовқа қатысты ҚР ҚК 419-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді (Адамды ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан не пайдакүнемдiк ниетпен көрінеу жалған сөз сөйлеу). Оның кінәсіне қатысты нақты дәлелдер бар. Өртеп жіберген адам анықталғаннан кейін, Қанатов тергеуге әртүрлі жолдармен кедергі келтіруге тырысты.  

2023 жылғы 7 ақпанда Қанатов уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды. Тергеу жалғасуда.

Источник: nege.kz