үй Қазақстан жаңалықтары Үздік мерген жарысы

Үздік мерген жарысы

19
0

154 rob

Үздік мерген жарысы

Аягөз қаласы №6 орта мектебінде 10-11 сынып оқушылары арасында «Үздік мерген» жарысы өтті. Бұл жарыс Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 34 жыл толуына арналып отыр. Жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуге арналған шараны Аягөз ауданы Ауған соғысы ардагерлері ұйымдастырып, демеушілік етті. Осындай жарыстарды әр жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталмыш сайыстың ашылу салтанатында ауған соғысының ардагерлері құттықтау сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, кадет сыныбының оқушылары саптық және әскери қоян-қолтық ұрыстың әдіс-тәсілдерін көрсетті. Жас буынның тартысты додасына оқушылардың әскери жетекшілері төрешілік етті.

Үздік мерген жарысы

Үздік мерген жарысы

Аталмыш жарысқа қала мектептерінен жалпы 10 команда қатысты. Әр топтың құрамында 3 қатысушыдан болды. Атап айтар болсақ, екі оқушы және әскери жетекшілерінен тұратын командалық сайыстың әр жаттығуын қатысушылар жеке-жеке орындады. Бірінші кезеңде пневматикалық қарудан нысанаға атудан сынға түссе, екінші кезеңде Ак-74 қаруын бөлшектеуден өз жылдамдықтары мен шеберліктерін көрсетті.

Үздік мерген жарысы

Үздік мерген жарысы

Үздік мерген жарысы

Үздік мерген жарысы

Жарыстың қорытындысы бойынша №6 орта мектептің оқушылары екі кезең бойынша топ жарып І орынды иеленсе, қалалық қазақ-мектеп лицейінің командасы ІІ орынға табан тіреді. Ал, ІІІ орынды №1 орта мектептің командасы қанағат тұтты. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар және медальдармен марапатталды.

Үздік мерген жарысы

Үздік мерген жарысы

– Балалардың бүгінгі сайысына кәдімгідей қуанып отырмыз. Оларға төрешілік ету де біз үшін біраз қиынға түсті. Себебі, кілең жанып тұрған жігерлі жастардың әскери нормативтерді кәсіби тұрғыда жылдам орындауы бірінен бірі асып түседі. Бұл ең алдымен мұғалімдерінің яғни әскери жетекшілеріннің еңбегі мен олардың жұмыстарының нәтижесі деп білемін. Осындай балаларымызды көріп, болашақ сенімді Отан қорғаушылары өсіп келе жатқанына еріксіз қуандық, – дейді Рымбек Бейсеков.

Источник: dknews.kz