үй Әлем жаңалықтары 2023 жылы «Рамазан айы» 23 наурыз 20 сәуір аралығында өтеді

2023 жылы «Рамазан айы» 23 наурыз 20 сәуір аралығында өтеді

13
0

1242 Арман

2023 жылы «Рамазан айы» 23 наурыз 20 сәуір аралығында өтеді

Фотосурет: СР

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Рамазан айы» қарсаңында өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыруға қатысты» Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нурдаулет Альмуханов, Астана қаласының Бас имамы, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Темірлан Ибраев брифинг өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

2023 жылы «Рамазан айы» 23 наурыз 20 сәуір аралығында өтеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Республикалық ислами діни бірлестігінің ақпаратына сәйкес 2023 жылы «Рамазан айы» 23 наурыз 20 сәуір аралығында өтеді. «Ораза айт» мерекесі 21 сәуір күніне жоспарланған. Осы жылы ораза 29 күнге созылады. 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түн — қасиетті «Қадір түні». Рамазан айында ораза кестесіне сәйкес күнделікті қала мешіттерінде келушілер мен мұқтаж жандарға алдын-ала талон тарату арқылы тегін ауызашарлар ұйымдастырылып, тарауық намаздары оқылады. Тарауық намаздары сағат 23:30-00:30-ға дейін жалғасатындықтан 2023 жылдың 22 наурызынан 20 сәуір аралығында қала аумағында орналасқан ірі мешіттерге қатынайтын автобустардың уақыты ұзартылады:

  1. «Бас мешіт» — 5 автобус;
  2. «Əзірет Сұлтан» мешіті — 4 автобус;
  3. «Әбу насыр әль-Фараби» — 3 автобус;
  4. «Сəдуақас қажы Ғылмани» — 2 автобус;
  5. «Рахымқызы Раиса ана» — 1 автобус.

Рамазан айы күндері ауызашар уақыты, садақа, ораза ұстау және тағы басқа діни өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру үшін тәулік бойы «109» Call-center жұмыс жасайды.

Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді.

Ораза айында Елорданың барлық мешіттерінде тарауық намазы пен Құран хатым оқылады, Шұбар шағын ауданындағы «Әл Ғани» мешітінде Құран хатым оқылмайды, тарауық намазы қысқаша сүрелермен оқылады.

Источник: dknews.kz