үй Әлем жаңалықтары АҚШ-та әрбір бесінші оқушы буллингке ұшырайды

АҚШ-та әрбір бесінші оқушы буллингке ұшырайды

17
0


                АҚШ-та әрбір бесінші оқушы буллингке ұшырайды

Фото: 24.kz

АҚШ Ұлттық білім беру статистикасы орталығының мәліметі бойынша елдегі әрбір бесінші оқушы буллингке ұшырайды екен, деп хабарлайды «Хабар24».

Өкініштісі, қатарластарынан қысым көрген  жасөсіпірімдер асығыс шешім қабылдап, қайғылы оқиғалар жиі болып жатады. Таяуда Нью-Джерси штатында өзіне қол жұмсаған 11 жастағы қыздың анасы баласының мектепте құрбы-құрдастарынан зәбір көргенін айтып бірнеше рет шағымданған. Алайда жауаптылар нақты әрекет жасамаған. Мұндай оқиғалардың алын алу үшін не істеу керек?

Мектеп қабырғасындағы әлімжеттік, кемсіту, өзіне қол жұмсаған оқушылар тақырыбы АҚШ-тың ақпарат құралдарынада да жиі көтеріледі. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрлігіне қарасты «StopBullying» сайтында зорлық-зомбылыққа қарсы тұру жөніндегі жан-жақты кеңес берілген. Ал Мичиган штатындағы жоғары сынып оқушылары мектептегі кемсітудің алдын алу үшін бірігіп күреспек ниетте. Көктемгі демалыстан кейін оқуға оралған балалар бірі-біріне тек жақсы сөз айтуға бекінді. Алдымен намысына тиген мазақ сөздерді суреттерінің астына іліп қойды. Ал сыныптастары мен ренжіткен адам оның үстін жауып, керісінше қолдайтын жылы сөздерін жазып кетеді. Осылайша сөз құдіретінің әсерін сезінді.

Айдана Жұмабекова, Солтүстік Каролина Университетінің студенті:

— Статистика бойынша 13-15 жастағы балалар, ұлдар мен қыздар арасында өзіне қол жұмсаудың ең басты себебі мектептегі буллинг.

Солтүстік Каролина Университетінде білім беру саласындағы технологиялар мен инновациялар мамандығын меңгеріп жатқан Айдана Жұмабекова елімізде жиілеп кеткен буллинг оқиғаларына алаңдайды. Мектеп жасындағы туған бауырларым да ертең зәбір көрмесіне кім кепіл, дейді.

— Интернетке шықпайынша, бала өзіне қол жұмсамайынша ол талқыланбайды, ол шешілмейді.

Айдана Жұмабекова, Солтүстік Каролина Университетінің студенті:

— Бірақ балалар білесіз ғой, ұялып тұрады, қорқып тұрады. Ішінде мазалап тұрған мәселе бар, бірақ жеткізе алмайды. Неге жеткізе алмайды? Әкесі бірдеңе айта ма? Құрбысы бірдеңе дей ме? Бауыры айтатын шығар «неге сен өсектейсің» деп? Өзің неге шешпейсің деп. Ұят басады ғой. Сол себепті балалар ойын емін-еркін жеткізсін деп анонимно жасадым. 

Осылайша мұғалім платформасы арқылы қанша оқушы өзін ыңғайсыз сезініп жүр, себебі не деген қарапайым деректерді жинап ертерек әрекет ете алады. Тек сонда ғана жаманын жасырып, жақсыны асыратын қоғамда буллинг құрбандарының санын азайта аламыз, дейді Айдана Жұмабекова.

Источник: nege.kz