үй Әлем жаңалықтары АӨСШК — Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі үкіметаралық диалогқа арналған...

АӨСШК — Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі үкіметаралық диалогқа арналған платформа

9
0

502 Арман

АӨСШК - Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі үкіметаралық диалогқа арналған платформа

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Бас хатшысы Қайрат Сарыбай «АӨСШК — Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі үкіметаралық диалогқа арналған платформа» тақырыбында көшбасшылық дәріс оқыды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шараға университеттің оқытушы-профессорлық құрамы, ғалымдар, халықаралық қатынастар факультетінің докторанттары, магистранттар және студенттер қатысты.

Жиынды ашқан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы-ректоры Жансейіт Түймебаев құрметті қонақты жиналған қауымға таныстырды.

АӨСШК - Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі үкіметаралық диалогқа арналған платформа

Қайрат Шораұлы Сарыбай – Қазақстанның мемлекет қайраткері, дипломат. ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесіндегі қызмет жолын 1991 жылдан бастаған. Әр жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Түркиядағы, Германиядағы, Австриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі, Қазақстанның Словениядағы Елшісі болып қызметтер атқарды.

АӨСШК - Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі үкіметаралық диалогқа арналған платформа

ҚазҰУ басшылығының жылы лебізіне алғыс білдірген Қайрат Шораұлы:

«Терең тарихымен тамсандыратын осынау киелі университте дәріс оқу мен үшін үлкен мәртебе. Ғұлама Әл-Фараби бірде: «Маған мемлекеттің жастарын көрсет, мен ол елдің болашағын болжаймын» деген екен. Дәл сол секілді бұл білім ордасында маған еліміздің өркендеуіне мол үлес қосып, пайда әкелетін біздің болашақ дипломаттар, елшілеріміз отырған іспетті» Қайрат Сарыбай

АӨСШК - Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі үкіметаралық диалогқа арналған платформа

Қайрат Сарыбай өз дәрісінде 30 жыл бұрын Қазақстан бастамашы болған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) құрылу тарихына экскурсия жасады. Лектор болашақ дипломаттарға кеңестің мақсаты, міндеті мен болашағы туралы жан-жақты айтып берді. Оның негізгі қызметі ынтымақтастықты нығайтуға, Азиядағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

АӨСШК - Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі үкіметаралық диалогқа арналған платформа

АӨСШК - Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі үкіметаралық диалогқа арналған платформа

АӨСШК - Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі үкіметаралық диалогқа арналған платформа

Шара соңында университет басшысы құрметті қонақты ҚазҰУ-дың мәдени ғылыми-білім беру қызметін дамытуға қосқан үлесін үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Источник: dknews.kz