үй Әлем жаңалықтары Абзал Әбдікәрімов Орталық Азиядағы энергетика саласындағы өңірлік сауда және инвестициялар жөніндегі форумға...

Абзал Әбдікәрімов Орталық Азиядағы энергетика саласындағы өңірлік сауда және инвестициялар жөніндегі форумға қатысты

12
0

618 Awrora

Абзал Әбдікәрімов Орталық Азиядағы энергетика саласындағы өңірлік сауда және инвестициялар жөніндегі форумға қатысты

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов Орталық Азиядағы энергетика саласындағы өңірлік сауда және инвестициялар жөніндегі форумға қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Лондон (Ұлыбритания). Сондай-ақ, іс-шараға Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, халықаралық қаржы институттары мен іскер топ өкілдері қатысты.

Абзал Әбдікәрімов Орталық Азиядағы энергетика саласындағы өңірлік сауда және инвестициялар жөніндегі форумға қатысты

Жиынға қатысушылар энергетикалық қауіпсіздік, карбонсыздандыру және экономикалық өсу мәселелерін талқылады. Орталық Азия елдерінің өкілдері әлеуетті инвесторлар мен халықаралық қаржы институттарын өңірдің энергетика секторындағы инвестициялық мүмкіндіктері мен қажеттіліктері туралы хабардар етті.

Абзал Әбдікәрімов Орталық Азиядағы энергетика саласындағы өңірлік сауда және инвестициялар жөніндегі форумға қатысты

Сонымен қатар, форум алаңында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Дүниежүзілік банк басшылығымен екіжақты кездесу өткізді. А.Әбдікәрімов ДБ-ны Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу Стратегиясының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Абзал Әбдікәрімов Орталық Азиядағы энергетика саласындағы өңірлік сауда және инвестициялар жөніндегі форумға қатысты

Іс-шараның мақсаты — өңірлік электр энергиясы саудасының тиімді механизмдерін дамыту, ынтымақтастықты жақсарту және көміртекті бейтарап экономикаға көшуді қамтамасыз ету болып табылады.

Источник: dknews.kz