үй Әлем жаңалықтары Аддис-Абебада Қазақстанның Эфиопиямен екіжақты қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективалары талқыланды

Аддис-Абебада Қазақстанның Эфиопиямен екіжақты қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективалары талқыланды

0

1023 rob

Қазақстан Елшісі, Африка одағы жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Эфиопия Мемлекеттік сыртқы істер министрі Месгану Арегамен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында айтылған елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы хабардар етті. Б. Садықов ү.ж. 19 наурызда Қазақстанда кезектен тыс парламенттік сайлау өткізілетіні туралы да хабарлады және алдағы сайлаудың демократиялық құқықтық негізін, сондай-ақ еліміздің жаңа саяси жүйесіндегі парламенттің рөлін күшейтетін конституциялық өзгерістердің ерекшеліктерін атап өтті.

Сонымен қатар тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын, 2023 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспарларын талқылады, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша «сағаттарды теңестірді», халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерін қарады.

Кездесу соңында сұхбаттастар қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version