үй Әлем жаңалықтары Ажар Ғиният МАГАТЭ басшысымен және Францияның бизнес-делегациясымен кездесулер өткізді

Ажар Ғиният МАГАТЭ басшысымен және Францияның бизнес-делегациясымен кездесулер өткізді

8
0

772 Awrora

Ажар Ғиният МАГАТЭ басшысымен және Францияның бизнес-делегациясымен кездесулер өткізді

Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният шетелдік әріптестермен өзара ынтымақтастықты тереңдету мәселелері бойынша бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) Бас директоры Рафаэль Мариано Гросси мырзамен әңгімелесу барысында министр өзара сенімге негізделген МАГАТЭ-мен денсаулық сақтау саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Келіссөздер барысында тараптар ZODIAC (зооноздық аурулар) бағдарламасы, «Rays of hope» (үміт сәулелері) бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қоса алғанда, Қазақстан мен МАГАТЭ ынтымақтастығының негізгі векторларын және басқа да бағыттарды талқылады.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы бұған дейін МАГАТЭ-мен әріптестікті кеңейту мүмкіндіктері қарастырылғанын және ZODIAC бағдарламасын іске асыру мақсатында ынтымақтастықты жандандыру қажет төрт негізгі бағыт айқындалғанын еске салды. Бұл бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, кадрлар даярлау, биоқауіпсіздік саласында ақпарат алмасу, жабдықтар мен реактивтерді сатып алу болды.

Ажар Ғиният МАГАТЭ басшысымен және Францияның бизнес-делегациясымен кездесулер өткізді

Ажар Ғиният МАГАТЭ-дегі әріптестерін ядролық медицина технологияларын пайдалана отырып, қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін әзірлеу және клиникалық практикаға енгізу бөлігінде бірлескен ынтымақтастық мәселесін қарауға шақырды.

Ядролық медицина радиоактивті изотоптарды қолдану арқылы диагностика мен емдеудің заманауи бағыттарының бірі болып табылатыны белгілі.

Бүгінгі таңда ҚР аумағында 10 ПЭТ/КТ аппараты бар 7 ядролық медицина орталығы жұмыс істейді. Екі жыл бұрын Қазақстанда Семей қаласында алғашқы Ядролық медицина және онкология орталығы ашылды. Бұл орталықтың жұмыс қағидаты әртүрлі ауруларды диагностикалау және емдеу үшін радиофармацевтикалық препараттарды қолдану болып табылады.Сонымен қатар, аталған орталықтың негізінде циклотрон іске қосылды, ол қысқа өмір сүретін радиофармацевтикалық препараттардың жеке өндірісін және ПЭТ/КТ зерттеулерін жүргізуге мүмкіндік береді.
Әрі қарай А. Ғиният денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық жобаларды талқылау мақсатында «MEDEF International» француз бизнес-делегациясының өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

Источник: dknews.kz