үй Әлем жаңалықтары Ажар Ғиният Роял Филипс компаниясының вице-президентімен ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары туралы келіссөздер жүргізді

Ажар Ғиният Роял Филипс компаниясының вице-президентімен ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары туралы келіссөздер жүргізді

20
0

256 Awrora

Ажар Ғиният Роял Филипс компаниясының вице-президентімен ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары туралы келіссөздер жүргізді

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният халықаралық нарықтар бөлімінің басшысы, Роял Филипс (Royal Philips) компаниясының вице-президенті Эдвин Паалвастпен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында тараптар ҚР-да медициналық жабдықтар өндірісін орналастыру, кардиологияны, ана мен бала денсаулығын сақтау орталықтарын бірлесіп дамыту, жоғары технологияларды қолдану арқылы инсульт бағдарламаларында қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін, оның ішінде электрондық денсаулық сақтауды жаңғырту жобаларындағы әріптестік сияқты бірқатар бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты талқылады.

«Біз Нидерланд технологияларының трансфертін, оның ішінде компанияның ҚР денсаулық сақтау жүйесін дамытуға белсенді үлес қоса отырып, ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін енгізуге бағытталған жобаларды іске асыруын құптаймыз» Ажар Ғиният

Ол сондай-ақ Роял Филипс компаниясының өкілдеріне қазақстандық заңнаманың артықшылықтары және технологиялар трансферін және өзіндік дәрілік препараттар өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді.

Ажар Ғиният Роял Филипс компаниясының вице-президентімен ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары туралы келіссөздер жүргізді

Тараптар ынтымақтастықтың жоғарыда аталған бағыттарын іске асыру бойынша бірлескен Жол картасын әзірлеуге ниетті.

2022 жылғы 11 қазанда Астана қаласындағы Қазақстан-Нидерланды инвестициялық дөңгелек үстелінің қорытындысы бойынша ҚР ДСМ мен Роял Филипс компаниясының арасында өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін негіз құруға, ҚР аумағында өндірісті орналастыруға, онкологиялық қызметтің сапасын жақсартуға, ана мен ана денсаулығын сақтау саласындағы жаңа технологияларды енгізуге,  кардиологиялық қызметті жақсартуға, пациенттің цифрлық иесіздендірілген деректері мен цифрлық клиникалық суреттерін қол жетімділікті жақсарту мен басқаруға және басқаларға бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын естеріңізге сала кеткен жөн.

Источник: dknews.kz