үй Әлем жаңалықтары Қалдық қоймаларының қауіпсіздігі және Қазақстандағы су объектілерінің авариялық ластануын болдырмау жөніндегі жұмыс...

Қалдық қоймаларының қауіпсіздігі және Қазақстандағы су объектілерінің авариялық ластануын болдырмау жөніндегі жұмыс тобының отырысы

0

721 Awrora

2023 жылдың 15 наурызында Астана қаласында қалдық қоймаларының қауіпсіздігі және Қазақстандағы су объектілерінің авариялық ластануын болдырмау жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отырысты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы мен Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының қолдауымен «Су бастамалары орталығы» қоғамдық қорының қатысуымен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Танабаев Мұса Тұрманұлының төрағалығымен ұйымдастырды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі Мереке Құдайбергенұлы Пішембаев және экология және табиғи ресурстар вице-министрі Досбол Боташұлы Бекмағанбетов, сондай-ақ БҰҰ ЕЭК Қоршаған орта мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесшісі Раднаарагчаа Сарангу сөз сөйледі.

Отырыс жұмысына су ресурстары мен қалдық қоймаларының қауіпсіздігіне жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың, ғылыми институттардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Өнеркәсіптік авариялар мемлекеттік шекараларды мойындамайды және адамдардың денсаулығына теріс әсер етуі, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіруі, ауаның, топырақтың немесе судың ластануына әкелуі мүмкін. Өзінің климаттық және географиялық жағдайларына байланысты Қазақстан өнеркәсіптік аварияларды, оның ішінде табиғи-техногендік төтенше жағдайларды тудыруы мүмкін дүлей зілзалаларға ұшырайды.

Мемлекеттік органдардың үйлестірілген жұмысы өнеркәсіптік авариялардың алдын алудың және олардың ықтимал авария салдарын азайтудың кепілі болып табылады.

Осыған байланысты, жұмыс тобының екінші отырысы судың авариялық ластану қаупін азайту үшін қабылданатын өзекті мәселелер мен шараларды шолуға, сондай-ақ осы саладағы оператор-компанияның озық халықаралық әдістері мен бастамаларын талқылауға және жұмыс тобының одан әрі жұмысы бойынша келісілген ұсыныстарды әзірлеуге арналды.

Жұмыс тобы Қазақстанның өнеркәсіптік қауіпсіздік, су және басқа да секторлар бойынша сарапшыларының судың авариялық ластануын және олардың трансшекаралық әсерін болдырмау саласындағы ведомствоаралық үйлестіруі мен ынтымақтастығы үшін платформа ретінде қызмет етеді.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version