үй Әлем жаңалықтары Алматы-Бішкек экономикалық дәлізі бойынша кіші комитеттің отырысы өтті

Алматы-Бішкек экономикалық дәлізі бойынша кіші комитеттің отырысы өтті

17
0

557 rob

Алматы-Бішкек экономикалық дәлізі бойынша кіші комитеттің отырысы өтті

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов Бішкек қаласында (Қырғызстан) өткен «Алматы-Бішкек экономикалық дәлізі (АБЭД)» жобасы бойынша кіші комитеттің 7-ші отырысына қатысты. Іс-шараға Қырғыз Республикасы экономика және сауда министрінің орынбасары Қанатбек Әбдірахманов, АДБ Орталық және Батыс Азия бойынша өңірлік департаментінің бас директоры Евгений Жуков қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алматы-Бішкек экономикалық дәлізі бойынша кіші комитеттің отырысы өтті

Отырыс барысында қатысушылар ынтымақтастықтың бірқатар негізгі бағыттарын, соның ішінде климаттың өзгеруі, қоршаған орта және туризм бойынша бірлескен жобаларды іске асыру барысын қарастырды.

Алматы-Бішкек экономикалық дәлізі бойынша кіші комитеттің отырысы өтті

«АБЭД жобасы бойынша АДБ-мен тығыз ынтымақтастықтың арқасында соңғы 5 жылда біздің елдер Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық (ОАӨЭЫ) аймағында алғашқы экономикалық дәліз құру жолында көптеген оң нәтижелерге қол жеткізді. Экономикалық дәліздердің іске қосылуы интеграциялық хабарламаларды күшейтуде маңызды рөл атқарды және екіжақты қатынастардың дамуына серпін берді. Біз қырғыз әріптестерімен және АДБ-мен (Азия Даму банкі) ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз»,-деп атап өтті ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов.

Анықтама: АБЭД кіші комитеті 2016 жылы құрылды. Оның негізгі міндеттері екі елдің өңірлік инвестициялық жобаларды іздеу, талқылау және қарау жөніндегі күш-жігерін үйлестіру болып табылады.

Источник: dknews.kz