үй Әлем жаңалықтары Алматы – Ұлы Жеңістің рухани тірегі

Алматы – Ұлы Жеңістің рухани тірегі

20
0

1749

Алматы – Ұлы Жеңістің рухани тірегі

Фотосурет: Gov

Қазақстанның Жеңіске қосқан мәдени үлесі Мәскеуде таныстырылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Алматы – Ұлы Жеңістің рухани тірегі

Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев С. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетінде (ВГИК) өткен салтанатты концертті тамашалауға қатысты.

Алматы – Ұлы Жеңістің рухани тірегі

Іс-шараға, сондай-ақ Мәскеуде аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері, РФ мәдениет министрлігінің қызметкерлері, ресейлік мәдениет қайраткерлері, университет студенттері, түлектері мен оқытушылары қатысты.

Алматы – Ұлы Жеңістің рухани тірегі

Кездесуді аша отырып, университет ректоры Владимир Малышев 1941 жылы «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудиялары Алматыға эвакуацияланғанын, олармен бірге ВГИК педагогтары мен студенттері көшкенін еске салды. Оның айтуынша, көптеген еңбек майданының өкілдері, шығармашылық адамдары қазақстандықтардың қонақжай отбасында баспана тапты және сол жақтан майданға көмектесу мүмкіндігіне ие болды. «Бұл тұрғыда Қазақстан Жеңіске зор үлес қосты», – деп сөзін жалғастырды ол.

Алматы – Ұлы Жеңістің рухани тірегі

Өз тарапынан Елші бүкіл соғыс кезеңінде республикалық ғылыми институттар мен мәдени мекемелер Жеңіске жету үшін белсенді жұмыс атқарғанын атап өтті. «1941-1944 жылдар аралығында Қазақстанның өнер қызметкерлері майданда, госпитальдарда, Қызыл армияның әскерге шақыру пункттері мен тыл бөлімдерінде 20 мыңға жуық концерт берген. Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов, Роза Бағланова және тағы басқа көптеген өнер иелері мәдени мұраны сақтай отырып, өз өнерлерімен адамдарды шабыттандыра білді», – деп атап өтті Д. Абаев.

Алматы – Ұлы Жеңістің рухани тірегі

Ол ВГИК тарихы қазақ кинематографиясының қалыптасу және даму тарихымен тығыз байланысты екенін айтты. Эвакуация жылдарында Алматыда Григорий Рошальдың басшылығымен қазақ киноактерлік мектебі ашылған, онда Камаси Өмірзақов пен Әмина Өмірзақова, кинорежиссер Дариға Тінәлина сияқты республиканың еңбек сіңірген әртістері кәсіби білім алған. Атақты Мәжит Бегалин, Сұлтан-Ахмет Ходжиков, Абдулла Қарсақбаев сияқты ұлттық кинематографияның бастауында тұрған отандық киноэкранның классикалық кинорежиссерлері де ЖОО-ның түлектері болған.

Алматы – Ұлы Жеңістің рухани тірегі

Іс-шара аясында ВГИК студенттері өздерінің концерттік нөмірлерін ұсынды.

Алматы – Ұлы Жеңістің рухани тірегі

80 жылдық Жеңіс Халықаралық ынтымақтастық Қазақстан және Ресей СIМ

Источник: dknews.kz