үй Әлем жаңалықтары Армения мен Қазақстан экономикалық қатынастарды тереңдетуге дайын

Армения мен Қазақстан экономикалық қатынастарды тереңдетуге дайын

12
0

701 Арман

Армения мен Қазақстан экономикалық қатынастарды тереңдетуге дайын

Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Арменияның Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрі Гнел Саносянмен кездесу өткізіп, оның барысында көлік, энергетика, жер қойнауын пайдалану және өңіраралық саласындағы Қазақстан-Армения арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Армян тарапы Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылу барысымен, сондай-ақ ү.ж. наурыз айында өткен парламенттік сайлаудың қорытындыларымен егжей-тегжейлі таныстырылды. Г. Саносян Қазақстан басшылығының саясатын жоғары бағалап, Ереван мен Астана арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға дайын екенін білдірді.

Армения мен Қазақстан экономикалық қатынастарды тереңдетуге дайын

Армян тарапы екіжақты көліктік және өңіраралық байланыстардың белсенді дамуын атап, бұған 2022 жылы екі ел арасындағы тауар айналымының екі еседен астам өсуі дәлел екенін айтты. Г. Саносян сауда және энергетика секторларында елеулі әлеуеттің бар екендігін және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде мүмкіндіктерді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Әңгімелесу барысында 2023 жылға арналған бірлескен іс-шаралар кестесі мен биыл 27-28 сәуірде Ереванда өтетін Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Армения үкіметаралық комиссиясының кезекті 9-шы отырысын өткізу мәселелері қарастырылды.

Источник: dknews.kz