Фото: ғаламтордан
Ресейлік басылымдардың хабарлауынша, «Вагнер» жасағының басшысы Евгений Пригожин сенбіге қараған түні Ростовта әскери төңкеріс жасауға ұмтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы, NEGE. Қазірге бұл ақпараттың рас-өтірігі белгісіз.
Ресей қорғаныс министрі Шойгу «Вагнер» жасағының бүлікші тобына әуеден соққы жасауға бұйрық берген.
Пригожиннің айтуынша, ұшқыштар бұл бұйрықты орындаудан бас тартыпты-мыс. Сондай-ақ кешкісін «Вагнер» жасағына әуеден тап берген Ресей қорғаныс министрлігінің ұшақтарына тойтарыс берілген.
Көрші елдегі жағдайдың немен тынары әзірге белгісіз.
Источник: nege.kz