үй Әлем жаңалықтары Ашық сайлау – демократияның маңызды құралы

Ашық сайлау – демократияның маңызды құралы

14
0

333 Арман

Ашық сайлау – демократияның маңызды құралы

Болгария астасында аралас форматта Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев ҚР Парламентінің төменгі палатасы – Мәжіліс – және жергілікті өкілді органдар – барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауының нәтижелеріне арналған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді. Брифингте 80-ге жуық болгар БАҚ өкілдері, оның ішінде 72 тілші тікелей эфирге қосылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Ашық сайлау – демократияның маңызды құралы

Сайлау қорытындыларын егжей-тегжейлі жариялаумен қатар, аталған іс-шараға қатысушылар еліміздегі мемлекеттік билік институттарын саяси жаңғырту шеңберінде сайлау үрдісінің ерекшеліктерімен және сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістермен танысты. Сайлауды ұйымдастыру шарттарына, сайлауда аккредиттелген шетелдік БАҚ-тарға және халықаралық бақылаушыларға ерекше назар аударылды.

Ашық сайлау – демократияның маңызды құралы

Қазақстандағы демократиялық институттар мен азаматтық қоғамды одан әрі нығайту жөніндегі шаралар туралы хабардар ете отырып, Елші Виктор Темірбаев сайлауды дайындау мен өткізуге қатысты бірқатар бірегей аспектілерді атап өтті. Атап айтқанда, саяси партиялар үшін тіркеу шегін
4 есеге және олардың Парламентке өтуі үшін шекті деңгейді 5%-ға дейін төмендету, кандидаттар тізімінде әйелдердің, жастардың және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың елеулі түрде өкілдік етуі (кемінде 30%), 2022 ж. қарашадағы президенттік сайлауда қолданыста болған негізгі жаңарту – бюллетеньдерге «бәріне қарсы» бағанын қайтару және т.б.

Ашық сайлау – демократияның маңызды құралы

Өз кезегінде, брифингке қатысушылар кезектен тыс парламенттік сайлау қорытындыларына айтарлықтай қызығушылық білдіріп, олар Қазақстанның тек демократиялық даму жолымен жүруге деген шығайы ұмтылысын көрсететінін атап өтті. Олардың айтуынша, азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін үлкен маңызы бар еліміздің ілгерілеуін көру қуантады, ал халықаралық бақылаушылар мен шетелдік БАҚ-тың кеңінен қатысуы сайлау үрдісінің демократиялығы мен транспаренттілігінің тағы бір айқын дәлелі болып табылады.

Ашық сайлау – демократияның маңызды құралы

Осы тұрғыда, бұл мүмкіндікті пайдалана отырып, Болгарияның ең ірі интернет-басылымдарының бірі — «ФАКТИ.БГ» тілшісі, сайлауда баспасөз-турына қатысушы шетелдік журналистердің құрамына кірген Милена Симидчиева Қазақстанға сапарынан алған әсерімен бөлісті. Оның бағалауы бойынша, өткен сайлауда ашықтық, жариялылық және айқындық сияқты демократиялық қағидалар негізінде сайлау науқанын жариялаудағы БАҚ рөлі айтарлықтай күшейтілді.

Брифинг қорытындысы бойынша Елші Виктор Темірбаев болгар журналистерінің барлық сұрақтарына нақты фактілер мен сандарды қамтыған толық ақпарат бере отырып, жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, Парламент Мәжілісі 98 депутаттан тұрады: олардың 69 немесе 70% — партиялық тізімдер бойынша пропорционалды, ал қалған 29 немесе 30% — бір мандатты округтер бойынша мажоритарлық қағидат бойынша сайланады. Бұл ретте, аудандардың, республикалық маңызы бар қалалардың Мәслихаттарына сайлау 50:50 дейінгі арақатынасы бар аралас сайлау жүйесі бойынша, ал төменгі деңгейдегі Мәслихаттар – толығымен мажоритарлық негізде өткізіледі. Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды.

Источник: dknews.kz