үй Әлем жаңалықтары Astana Finance Days 2023: қаржы нарығының алғы шебінде

Astana Finance Days 2023: қаржы нарығының алғы шебінде

0

926 Арман

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Астана халықаралық форумы (8-9 маусым) аясында 7 маусымда өтетін Astana Finance Days 2023 (AFD) конференциясы туралы хабарлайды. AFD – Еуразия аймағында жыл сайын өтетін қаржылық конференция. Іс-шара 2018 жылдан бері мемлекеттік қызметкерлер, қаржы саласының сарапшылары, инвесторлар мен бизнес көшбасшылары үшін қаржы индустриясының өзекті мәселелерін, үрдістері мен мүмкіндіктерін талқылауға арналған алаң ретінде қызмет етіп келеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алдағы AFD бағдарламасы бес тақырыптық бағыттан тұрады: 

  1. «АХҚО Өнімдері». АХҚО ұсынатын қаржылық өнімдер мен қызметтерге арналған, оның ішінде активтерді басқару, қорларды басқару, инвестициялық резиденция, исламдық қаржыландыру және т.б. камтылмақ.
  2. «Юрисдикция және реттеу». АХҚО юрисдикциясын іс жүзінде қолдану үрдісін, оның аймақтық ынтымақтастықтағы рөлін, АХҚО қаржылық экожүйесінің тұтастығын қорғау жолдарын, тәуекелдер мен ережелерді, сондай-ақ криптовалюта және талаптарға сәйкестігі туралы мәселелерді қамтиды. 
  3. «Инновациялар және олардың әлеуеті». Бұл бағыт финтех, цифрлық активтер, венчурлік капитал және саланың әлеуетін дамыту сияқты қаржы индустриясындағы инновациялар мен трендтерге арналған. 
  4. «Жасыл өсу». Аталмыш бағыт төмен көміртекті даму және жасыл экономиканың өсуі үшін жаңа тұрақты қаржы құралдарын, ESG бойынша ақпаратты ашудың маңыздылығын, көміртекті қаржыландыру механизмдері мен төмен көміртекті және әлеуметтік дамуға толық көшуді қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да шараларды қамтиды. 
  5. «Капитал нарықтары». Қазақстанның макроэкономикалық және инвестициялық мүмкіндіктерін, экономикалық тұрақтылықты сақтау және инфляциялық қысымды төмендету бойынша саясат шараларын, алдағы IPO және AIX эмитенттерінің бизнесінің ағымдағы жағдайын қамтымақ. 

Оған қоса, Астана халықаралық форумы аясында АХҚО-ның бірқатар негізгі сессиялары өтеді: 

  1. Қаржы нарығының көшбасшылары: инновациялар мен тұрақтылық; 
  2. Орта дәліз: Еуразиядағы өзара байланысты нығайту; 
  3. Көміртегі бейтараптығы жағдайында жаңартылатын энергия көздері және көміртегі нарығының дамуы.

Біз қаржы саласының сарапшыларын, мемлекеттік қызметкерлерді, инвесторларды және бизнес көшбасшыларын инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу, аймақтағы соңғы қаржылық үрдістер мен оқиғалар туралы ақпарат алмасу үшін AFD 2023-ке қатысуға шақырамыз. 

Жақында AFD 2023-ке тіркелу басталады, жіберіп алмаңыз. 

AFD 2023 бойынша сұрақтар бойынша afd@aifc.kz электрондық поштасына хабарласыңыз.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version