үй Әлем жаңалықтары Астана мен София ғылыми саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Астана мен София ғылыми саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

7
0

635 Awrora

Астана мен София ғылыми саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Ғылыми-академиялық саладағы ынтымақтастықты нығайту және «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ мен Болгар ғылым академиясы (БҒА) арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету перспективаларын талқылау мақсатында Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Болгар ғылым академиясының басшысы Юлиан Ревалскимен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өткен мазмұнды сұхбат барысында қазақстандық дипломат болгар академигіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі ғылыми саланы дамыту бойынша қойған міндеттері аясында ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының жақында орын алған трансформациясы туралы хабардар етіп, сондай-ақ осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстандағы мемлекеттік билік институттарын саяси жаңғырту қорытындыларымен таныстырып, 2023 жылғы 8-9 маусымда өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Астана мен София ғылыми саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Өз кезегінде Ю. Ревалски ғылыми ведомстволар желісі бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және тереңдетуге ерекше қызығушылық танытты және қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға дайын екенін білдірді.

Астана мен София ғылыми саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Кездесу соңында тараптар барлық мәселелер бойынша жұмыс бабындағы байланыстарын жүргізуге келісті.

Астана мен София ғылыми саладағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

 

Болгар ғылым академиясы ғылым мен инновацияны дамыту саясатын жүзеге асыратын Болгарияның жетекші ғылыми-сараптамалық орталығы болып табылады. БҒА 300-ге жуық ғалым жұмыс істейтін 42 автономды ғылыми бөлімшелерден тұрады.

Источник: dknews.kz