үй Әлем жаңалықтары Астанада Қазақстан-Бразилия Іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтті

Астанада Қазақстан-Бразилия Іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтті

0

421 Арман

Конфедерацияның вице-президенті Гилберто Порчелло Петри бастаған Бразилия Ұлттық өнеркәсіптік конфедерациясы (CNI) өкілдерінің Астанаға сапары аясында «Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы», CNI және Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан-Бразилия іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтті. Іс-шара 100-ден астам қатысушылардың басын қосып онлайн және офлайн форматта өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іскерлік кеңес 2021 жылы Қазақстанның Бразилиядағы Елшілігінің бастамасымен қазақстандық және бразилиялық кәсіпкерлер арасындағы іскерлік байланыстар мен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту арқылы екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында құрылған. Кеңестің бірінші отырысы сол жылдың қараша айында Бразилияда Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың қатысуымен өтті.

Астанадағы іс-шараны «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ басқарма төрағасы Берік Бекенов ашып, Бразилия Қазақстан Республикасының Оңтүстік Америкадағы басты экономикалық серіктесі екенін атап өтті. Ол екі елдің жетекші кәсіпорындары кіретін Іскерлік кеңес екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру мен инвестициялық ынтымақтастықты нығайтудың белсенді алаңы мен қуатты қозғаушы күшіне айналып келе жатқанына сендірді.

Өз кезегінде Бразилия Ұлттық өнеркәсіп конфедерациясының (CNI) вице-президенті Гилберто Порчелло Петри бұл сапар екіжақты ынтымақтастықты дамытуға жаңа серпін беріп, бразилиялық бизнес үшін өте маңызды екенін айтты. Осылайша, бразилиялық бірқатар компаниялар қазірдің өзінде Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруда.

Бразилия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Рубем Антонио Корреа Барбозаның айтуынша, Орталық Азия қарқынды дамып келе жатқан перспективалы аймақ, сондықтан Бразилия ОА аймағымен ынтымақтастықты нығайтуға міндетті. Бразилия үшін Қазақстан аймақтағы ең ірі серіктес болып табылады, ал экономикалардың ұқсастығы, аумақтардың көлемі және ресурстық және шикізат базасының болуы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың келешегін көрсетеді.

Шараға қатысушыларға «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Руслан Ибраимов еліміздің экономиканың түрлі салаларындағы инвестициялық әлеуеті, инвесторларға берілген преференциялар, сондай-ақ ұлттық компанияның қызметі туралы айтып берді.

«Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі экономика, аймақтағы шетелдік инвестиция көлемі бойынша дәстүрлі түрде көшбасшы. Өткен жылы еліміз 28 миллиард шетелдік инвестиция тарта алды, бұл соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Бұл шетелдік инвесторлардың Қазақстанға деген сенімін көрсетеді. Біз бразилиялық компаниялармен агроөнеркәсіптік және тау-кен металлургия кешендері мен машина жасау салаларындағы екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту үшін үлкен әлеуетті көріп отырмыз» Руслан Ибраимов

Сонымен қатар, шарада екі елдің мемлекеттік органдары мен жеке бизнес өкілдері де сөз сөйледі.

Іскерлік кеңестің соңында қатысушылар Қазақстан-Бразилия Іскерлік кеңесінің екінші отырысының Хаттамасына қол қойып, екіжақты қарым-қатынастарды кеңірек дамыту үшін семинарлар, сессиялар және басқа да іс-шараларды өткізуге келісті.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version