үй Әлем жаңалықтары Астанадағы шахматтан Әлем чемпионаты: ФИДЕ президентінің пікірлері

Астанадағы шахматтан Әлем чемпионаты: ФИДЕ президентінің пікірлері

0

821 Арман

Фотосурет: ҚШФ

ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович Астанадағы әлем чемпионаты жайлы пікірін білдіріп, Қазақстанда өткізілетін шахмат әлеміндегі жаңа шара туралы мәлімдеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгін астанада Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович шахматшылар саябағында ағаш егу рәсіміне қатысты. Сонымен қатар ФИДЕ басшысы әлем чемпионы атағы үшін матчының өту барысына баға беріп, ұйымның Қазақстандағы кейбір жоспарларына тоқтала кетті.

Шахматшылар саябағы 2005 жылы қаланды. Дәстур бойынша қалаға келетін әйгілі шахмат шеберлері саябақта ағаш егеді. Осы 2023 әлем чемпионатының өту барысында бұл жерде 14-ші, 15-ші әлем чемпиондары – Владимир Крамник пен Виши Ананд, 2018 жылғы жылдам шахмат бойынша әлем чемпионы Даниил Дубов, Азия чемпионы Динара Садуақасова ағаш екті. Бүгін Аркадий Дворкович еккен ағаш та пайда болды. Рәсімге, сонымен қатар, Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті Дармен Садуақасов, КШФ атқарушы директоры Гулмира Дәулетова, Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Самат Жылқыбаев және жас шахмат сүйер қауым қатысты.

ФИДЕ президенті чемпионаттың жоғары деңгейде өтіп жатқанын атап өтті. Әлем біріншіліктері аясында шахмат сүйер қауымға түрлі шаралардың өткізілуін ФИДЕ құптайды. Астана осыны ескерсек, ең жарқын чемпионатты өткізіп жатыр.

«Әйел құрамасының әлем құрамасына қарсы матчы, Ашық кубок, балалар арасындағы турнирлер, бір мезгілді ойындар чемпионаттың маңызды бағдарламасын жасауға көмектесті» Аркадий Дворкович

«Спортшылар үлкен титул, үлкен арман үшін күресіп жатыр, әрбір партия миллиондаған жанкүйерлердің үлкен қызығушылығына ие» Деп әлем біріншілігі атағына матчы жайлы Аркадий Дворкович пікірін білдірді

Қазақстандағы шахмат дамуында әйел шахматтарының дамуы ерекше екенін атап өтті, сонымен қатар ерлер арасында да жарық шеберлерді көретінімізге сенімділік білдірді. ФИДЕ Қазақстан шахмат федерациясымен серіктестікті жалғастыратынын айтты. Жақын арада ФИДЕ Қазақстанда балаларға арналған үлкен шара өткізетінін атап өтті.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version