үй Әлем жаңалықтары Қасым-Жомарт Тоқаев Чехия Премьер-министрі Петр Фиаланы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Чехия Премьер-министрі Петр Фиаланы қабылдады

14
0

1204 Awrora

Қасым-Жомарт Тоқаев Чехия Премьер-министрі Петр Фиаланы қабылдады

Фотосурет: Gov

Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Чехия Республикасының Премьер-министрі Петр Фиаланы қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Фиаланың елімізге жасаған алғашқы ресми сапары екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

«Сіз елімізге үлкен бизнес-делегация алып  келдіңіз. Екі ел арасындағы іскерлік байланыстар мен ынтымақтастықты ілгерілетуге пайдасы өте зор бизнес форум өтеді»  Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Чехия Президенті лауазымына сайланған Петр Павелге құттықтауын жолдады.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде көлік-логистика саласын нығайту перспективаларына баса мән берілді. Президент чех инвесторларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

«Чехия Республикасынан энергетика, машина жасау, көлік, ауыл шаруашылығы, қаржы, медицина өнеркәсібі және фармацевтика секілді экономиканың түрлі салаларына құйылатын инвестицияны құптаймыз. Сондай-ақ елдеріміздің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын ашамыз деп сенеміз»  Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Чехия Премьер-министрі Петр Фиаланы қабылдады

Өз кезегінде Петр Фиала Чехияның елімізбен арадағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін растады.

«Чехия Республикасы Қазақстанмен бұрыннан достық қарым-қатынас орнатқан және оны жалғастырамыз деп сенеміз. Осы кездесуіміз белсенді байланыстарға тың серпін береді деп үміттенемін. Қазақстан – біз үшін  өте маңызды серіктес. Қазақстан мен Чехия Республикасының ынтымақтастығы Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынастардың аса маңызды тірегінің бірі саналады» Петр Фиала

Сонымен қатар кездесуде халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Источник: dknews.kz