үй Әлем жаңалықтары Атырау облысында инвестиция тарту сұрақтары талқыланды

Атырау облысында инвестиция тарту сұрақтары талқыланды

7
0

686 Арман

Атырау облысында инвестиция тарту сұрақтары талқыланды

Жиынға Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің Төрағасы Ардақ Зебешев, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары Жандос Темірғали, облыс әкімдігінің, KAZAKH INVEST сервистік бөлімшесінің өкілдері және өңірлік кәсіпкерлер қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Атырау облысында инвестиция тарту сұрақтары талқыланды

Жиналысты ашқан облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев, Атырау облысы инвестиция, оның ішінде шетелдік капитал үшін ең тартымды өңірлердің бірі екенін атап өтті. Оны цифрлар растайды – 2022 жылға Атырау облысы бойынша ТШИ нысаналы $ 5,7 млрд құрады, қазірдің өзінде 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша көрсеткіш $ 7,5 млрд-қа жетіп, 2022 жылғы жоспармен салыстырғанда 31%-ға өскенін көрсетті.

2014 жылдан бастап 2022 жылдың III-тоқсанына дейінгі кезеңде облысқа тікелей шетелдік инвестиция көлемі $71,6 млрд долларды құрады, оның ішінде: $53 млрд – тау-кен өнеркәсібі (74%), $15,5 млрд – кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет (21,5%) және басқа салаларға $ 3млрд (0,4%).

Атырау облысында инвестиция тарту сұрақтары талқыланды

Атырау облысынан инвестициялық жобалардың Жалпыұлттық пулына 27 жобалар кірді, жалпы құны 6 трлн. теңгені құрады. Оларды іске қосу облыста 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуды көздейді.

Биыл 65,6 млрд. теңгенің 8 инвестициялық жобасы жүзеге асырылып, 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Өткен жыл бойынша 5 жоба пайдалануға берілді. Бұл ретте оның 3 шетелдік компаниялардың қолдауымен жүзеге асып, жалпы инвестиция көлемі 1,13 трлн. теңге, шетелдік компаниялардың қатысуымен 1,1 трлн. теңгені құрады.

Атырау облысында инвестиция тарту сұрақтары талқыланды

Инвестициялық жобаларды іске асыру барысын талқылау барысында ҚР СІМ инвестиция Комитетінің Төрағасы Ардақ Зебешев инвестиция саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді. Оның айтуынша, 2005 жылдан бері Атырау облысында 30,2 млрд теңгеге 9 инвестициялық келісімшарт жасалған. Қазіргі таңда 2 млрд. теңгені құрайтын 5 инвестициялық келісімшарт аяқталды. Қолданыстағы инвестициялық келісімшарттардың ішінде, Ардақ Зебешев мұнай машина жасау зауытын дамыту, Доссор кентінде қуаты 48 МВт жел электр станциясын салу және мұнай өндіру цехын іске қосу жобаларын атап өтті. Инвестиция комитетінің Төрағасы өңірдегі инвесторларға жоғары сапалы сервистік қолдау көрсетуді де атап өтті – Атырау фронт-офисіне 27 жаңа жоба бойынша жалпы сомасы 249,3 млрд теңгеге 31 өтініш түскен. Әлеуетті инвесторлардың өтініштері инвестициялық келісімшарт жасау, жер учаскесін алу, сондай-ақ арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қатысушы болу үшін құжаттарды ұсыну мәселелер қарастырылды. 

«KAZAKH INVEST командасы инвесторларға «бір терезе» қағидаты бойынша кеңес береді, сондай-ақ инвестициялық келісімшарттар жасасуға, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен келіссөздер жүргізуге, еліміздің өңірлерінде жобаны жүзеге асыруға байланысты проблемалық мәселелерді шешуге. KAZAKH INVEST Басқарма Төрағасының Орынбасары Жандос Темірғали

Астаналық делегация Атырау облысына сапары аясында бірқатар өнеркәсіптік нысандарын аралады. «Ультрастаб» компаниясы жолдарды, тротуарларды, ұшу-қону жолақтарын және дренаждық жүйелерді салуда қолданылатын тоқылған геотекстильдерді шығарады, ал ГК «РГК» — экструдталған геотекстильдердің негізгі өндірушісі.

Отандық инвестициялық блок өкілдері «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» (KPI) полипропилен өндіретін зауытымен танысты. Онда құрылыс, медицина, автомобиль, тамақ және тоқыма өнеркәсібінде қолдануға болатын жоғары өңделген өнімдері шығарылады. KPI Теңіз кен орнындағы шикізатты өңдейді және Қазақстан экономикасының газ-химиялық кешенінің негізгі бөлігі болып табылады.

Источник: dknews.kz