үй Әлем жаңалықтары Ауғанстанда 4 млн тұрғын көмектен құр қалды

Ауғанстанда 4 млн тұрғын көмектен құр қалды

18
0


                Ауғанстанда 4 млн тұрғын көмектен құр қалды

Фото: ғаламтордан

  Ауғанстанға гуманитарлық көмекке қаржы жетпейді.

Алматы, NEGE. Соның салдарынан осы айда 4 млн тұрғын қажетті жәрдемнен құр қалды. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдері осылай деп отыр. Мамандар халықаралық қауымдастықтан алдағы 2 айға 93 млн доллар сұрайды. Ұйым деректеріне сүйенсек, бүгінде Ауғанстанда 28 млн адам гуманитарлық көмекке мұқтаж.

Бұл – жергілікті тұрғындардың үштен екісі. 6 млн ауған азаматы аштық алдында тұр. 2021 жылы тәліптер (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) билікке келгелі сырттан көрсетілетін қаржылай көмек көлемі азайған. Ол аздай, құрғақшылық жайлап, азық-түлік тапшылығын ушықтырып жіберді.

Источник: nege.kz